БЕЙНЕТІРКЕГІШ ЖЕМҚОРЛЫҚ КӨРІНІСІН БОЛДЫРМАЙДЫ

252
0

Бұдан былай Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің азаматтық қорғау органдарының мамандары өз міндеттерін орындау кезінде бейнетіркегіштерді қолданатын болады. Айтып келмейтін апаттарды алдын алу, оқыс жағдайлардың зардабымен күресу және тағы басқа қиын жағдайлардан адамдарды құтқаратын мамандарға мұндай қолдауды Шымкент қаласы әкімдігі көрсетіп отыр. Мақсат – «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының барлық бағыттарын жүзеге асыру бойынша межеленген міндеттерді нақты іске асыру, сондай-ақ, жариялылықты қамтамасыз ету арқылы сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмау болып табылады.
Өз кезегінде азаматтық қорғау органдарының мамандары бейнетіркегіштер арқылы адамдардың іс-әрекеттерін жазып, қандай да бір құқық бұзушылықты анықтау мен алдын алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар ол, сапалы дәлелді базаны қамтамасыз етпек.
Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі М.Жаксыбаев қазіргі таңда тиісті мамандарға бейнетіркегіштерді дұрыс әрі тиімді қолдана білу тәртібі мен шарттары бойынша нұсқаулық жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.
Сонымен қатар ол, бейнетіркегіш көмегімен жазылған жазбалардың барлығының сақталу мерзімі 12 айды құрайтынын, аудио-бейнежазба инспектордың және объект өкілдерінің барлық іс-әрекеттерін (шағымдар мен өтініштер болған жағдайда) жазатынын алға тартты.
Бейнетіркегіштердегі жазбаларды тек арнайы құрылған топтардың қатысушылары ғана көре алады.
uakit.kz