АРЫСТЫҚ ӨРЕНДЕР БАТЫС ПЕН ШЫҒЫСҚА ДЕМАЛЫСҚА АТТАНДЫ
Кеше Арыс қаласының 50 баласы Батыс Қазақстанға, ал 150 оқушы табиғаты таңғажайып Шығыс Қазақстан облыстарына демалысқа жіберілді, деп хабарлайды uakit.kz Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқушыларды ата-аналары мен ұстаздары Арыстағы темір жол стансасынан шығарып салды.
Бұған дейін арыстық оқушылар Павлодар (129), Ақмола (145), Жамбыл (200), Алматы облыстары (150) мен Нұр-Сұлтан (200) қаласына демалысқа жолданған болатын.
Жалпы осы жазғы демалыста Арыстың 4 мыңнан астам оқушысын өзге өңірлерге демалысқа жіберу жоспарланған. Қазіргі таңда 1 мыңнан астам оқушы демалысқа жіберілді. Сонымен қатар Түркістан облысының аудандары 462 баланы жазғы сауықтырумен қамтуда.
uakit.kz