ШЫМКЕНТТІКТЕР 1- МАМЫРДАН БАСТАП САЯЖАЙҒА БАРА АЛАДЫ
Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов мәлім етті.
— Шымкенттіктер қала аумағындағы саяжайларына күн сайын таңғы сағат таңғы 6-00-ден кешкі 21:00-ге дейін бара алады. Бірақ азаматтардың атына тіркелген саяжай учаскесінің бар екенін растайтын құжаты болуы тиіс. Бұл ретте саяжайлар кіру блок-бекеттерінің ведомствосына кіретін аумақта болуы қажет. Егер саяжай қала аумағынан тыс болса, онда кіруге рұқсат берілмейді, — деді қала әкімінің орынбасары.
Айта кетсек, Шымкентте 1-мамырдан бастап бірқатар қызмет көрсету, сауда салалары мен қаржы ұйымдары іске қосылатыны туралы айтқан http://uakit.kz/?p=8974&fbclid=IwAR1pmYOSWe5eDQ2KnaqMnW-xHB-twR-4-jjOCb16k6I8UUkouzwRbKiM8BE болатын. Ол жерде карантин режимі жеңілдегенмен, қатаң санитарлық-эпидемиологиялық талаптар сақталатын болады.
uakit.kz
Сурет: ашық дереккөз