БАСТЫ ТАЛАП – ҚОЛАЙЛЫ ОРТА ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Шымкентте мүмкіндігі шектеулі азаматтарға кедергісіз орта қалыптастыруды қамтамасыз ету үшін арнайы топ құрылды. Қала әкімі Мұрат Әйтеновтың тапсырмасы бойынша құрылған топ өкілдері бірқатар нысандарға тексеру жұмыстарын жүргізді. Олар мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолайлы орта қалыптастыру жұмыстарының барысын бақылады.
Nur Otan партиясының «Кедергісіз келешек» жобасы аясында қолға алынған шараға қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы, аудан әкімдіктері мен тиісті басқарма қызметкерлері және Nur Otan партиясының өкілдері, қалалық «Қазақ соқырлар қоғамы» мүгедектер қоғамының мүшелері қатысты.
Арнайы топ өкілдері қоғамдық орындар мен сауда орталықтарында мүмкіндігі шектеулі азаматтардың еркін қозғалуы үшін тиісті аяқжолдар мен пандустардың ыңғайлылығын тексерді. Іс-шара барысында кедергісіз орта жасақтауда қамкөңіл жандардың ұсыныс-тілектерін ескеру қажеттігі баса айтылды.
Қазіргі таңда Шымкент қаласында 37 046 мүмкіндігі шектеулі азамат тіркелген.