ЗАҢСЫЗ ҚҰРЫЛЫСҚА ЖОЛ БЕРІЛМЕЙДІ!

187
0

Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының талап арызы бойынша Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы Самал-1 шағым ауданы Рысқұлов көшесінің бойында орналасқан 8 құрылыс нысаны заңсыз деп танылды. Меншік иесі Қазақстан Республикасының Жер кодексінің талаптары мен «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заң талаптарын өрескел бұзып соққан.

Бұдан бөлек, 10 нысан соттың шешімімен заңсыз деп танылып, сот орындаушылармен орындалуда.

Қала тұрғындарының назарына! Елімізде объектілердің құрылысы ҚР «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңымен реттеледі. Заңсыз құрылысқа жол бермеуге шақырамыз.