I-SHYMKENT ОРТАЛЫҒЫ ҚЫЗМЕТТЕР МЕН СЕРВИСТЕРДІ ОНЛАЙН АЛУҒА КӨМЕКТЕСЕДІ

124
0

i-shymkent.kz порталы — Шымкент қаласының қызметтер мен сервистердің бірыңғай орталықтандырылған порталы болып табылады. Бұл сервис қала тұрғындарына, бизнес өкілдері мен қонақтарына үйден шықпай-ақ бірыңғай орталықтандырылған цифрлық жүйеде түрлі қызметтер мен сервистерді алуға көмектеседі.

Қызметтерді онлайн алуға мүмкіншілігі жоқ тұлғаларға арнайы фронт-офис ашылды. Қазіргі таңда 70 түрлі қызметтер мен сервистер, оның ішінде коммуналдық қызметтер де көрсетілуде. Жақын арада қосымша 20 мемлекеттік қызмет түрлерін алу мүмкін болады.

Қала тұрғындары сумен жабдықтау және су бөлу жүйелеріне объектілерді қосуға арналған техникалық шарт алуға, тегін жеке және заңды тұлғаларға цифрлық даму бойынша оқуға өтінім беруге, автобус паркіне жұмысқа орналасу, интернет қостыруға өтінім (жеке және заңды тұлғаларға) және тағы да басқа қызметтерді фронт-офис қызметкерлері немесе онлайн портал арқылы ала алады.

Жақын арада қала әкімі мен оның орынбасарларының қабылдауына онлайн жазылу қызметі іске қосылмақ. Бұл өз кезегінде қалада көрсетілетін барлық қызметтерді орталықтандырып, әрбір тұрғынға ыңғайлы түрде қызмет алуға мүмкіндік береді.

Фронт-офис мекенжайы: Қаратау ауданы, Бәйдібек би даңғылы 116, к6. «Nauryz Park» тұрғын үй кешені. «Ипподром» аялдамасы
Жұмыс уақыты: дүйсенбі-жұма, сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін. Түскі үзіліс: 13:00 – 14:00.