ТҰРҒЫНДАРДЫ ТОЛҒАНДЫРҒАН ТҮЙТКІЛДІ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАШАН ШЕШІЛЕДІ?

119
0

Инженерлік инфрақұрылым – Шымкент қаласына жаңадан қосылған елді мекендердің басты мәселесі. Республикалық қала мәртбесін алғанына көп уақыт бола қоймаған қалада қолға алынған шаруа қыруар. Жыл басынан бері қаладан шалғайда жатқан шағынаудандар мен елді мекендердің мәселесін шешуге қыруар қаржы бөлініп, жүйелі жұмыстар қолға алынды. Нәтиже де жоқ емес.

Үшінші мегаполиске қарасты Әл-Фараби ауданындағы 35 шағынаудан мен тұрғын алаптардың электр жүйесімен қамту көрсеткіші турасында тарқатсақ, мемлекеттік желімен 96,5%, жекеменшік жүйемен 2,5% қамтылған. Ал қамтылмағаны 1%-ды құрады. Жалпы абонент саны – 66 283. Бүгінде 9 тұрғын алаптағы жекеменшік жүйедегі және қамтылмаған 3%-ды сапалы электр қуатымен қамту мақсатында жаңа электр желісі тартылды. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары аяқталып, әрбір үйді абоненттеу жұмыстары жүргізілуде. Жыл қортындысымен сапалы электр қуатымен қамту көрсеткішін 99,8%-ға жеткізу жоспарда бар. Қалған Қарабастау тұрғын алабындағы жаңақұрылыс аумағындағы 120 абонентті қамту жұмыстары 2023 жылы жүргізіліп, аудан аумағы толық сапалы электр желісімен қамтылатын болады. Табиғи газбен қамтылу көрсеткішіне келсек, мемлекеттік жүйеде 86,4%, жекеменшік жүйедегі 4,3%-ды құрап отыр. Қамтылмаған 9,3%-ды  немесе 6149 абонентті мемлекеттік жүйемен қамту 2023-2025 жылдарға арналған жұмыс жоспарына енгізілді. Қазіргі таңда 5 елді-мекеннің жаңақұрылыс аймағындағы 3739 абонентке жобалау-сметалық құжат «Бірлестік» ЖШС-мен әзірленуде. Жалпы аудан бойынша 2025 жылдың қорытындысымен жаңақұрылыс аймақтарындағы қамтылмаған 9,3%-ды құрайтын 6149 абонентті табиғи газбен қамтып, қамту көрсеткішін 100%-ға жеткізу жоспарланып отыр. Аталған жоспар негізінде жүйелі жұмыстар да қолға алынып, жүзеге асырылып келе жатқанын айрықша айта кету керек.