Ұлықбек емшіге алғыс айтамыз
Көктегі Алла жер бетіндегі адамзаттың өмірі олай-бұлай болып, қайғы-қасірет шеккенде, соларды апаттан алып қалып, тура жолға салу үшін әр кезде бір жеріне таңба салып, пайғамбарларын жіберіп отырғандығы белгілі. Мынау дүлейлі заманда да Жаратқан ие біздей пенденің көз жасын көріп, пайғамбарлардың кейбір ұлы қасиеттерін бойына дарытқан, таза, нағыз дара талант иесі, халық емшісі, көріпкел Ұлықбек Смановтай тұлғаны Алланың бергеніне тағзым, шүкіршілік етеміз. Мен Абжаппарова Бибіайым, Қостанайдан келдім.
Зарығып, тарығып, өмірден мүлдем түңілген ана едім. Төрт қыздан кейінгі кенжеміз Дәулет есімді ұл еді. Қайтейік, жалғыз ұл деп басымызға шығарып алдық. Айтқанынан қайтпай, дегеніне жетіп, күндердің күнінде ішкілікке салынды. Қанша ем жасатсақ та нәтиже болған жоқ. Алысып, арпалысып жүргенімізде 8 жыл да өте шығыпты. Баламның бұл күйігіне шыдай алмай, ақыры мен де инсульт болып құладым. Бір жағым толығымен сал алып, істемей қалды. Дәрі-дәрмектен еш пайда болмады. Бірде көршіміз газеттен оқып, Ұлықбек емшінің телефонын берді. Ұлықбектің алдына келдік. Көріпкел екеніне таң қалдық. Ойымыздан шыққан соң емделдік. Құдайға шүкір, қазір ешкімнің көмегінсіз өзім жүремін. Балам ішкілігін қойып, адам қатарына қосылды. Ұлықбек емшіге алғысым шексіз. Өзіміз сияқты шипа іздеген халықтың сауабын алайық деген ақ ниетімізді «Уақыт» газеті арқылы жеткізуді жөн көрдік. Ақ ниетпен барамын деушілерге Ұлықбек емшінің мекен-жайын айтпақпын:
ОҚО Ордабасы ауданы, Көкбұлақ ауылы. Сманов Ұлықбек Пердебекұлы Телефоны: 87013956462
Бибіайым Абжаппарова,
Қостанай қаласы.