Әділхан аға әркез елдің­ ортасында

445
0

41Біздер қарапайым ғана сайлаушылар араға жылдар салып келетін сайлау кезінде өз таңдауымызды жасап, талай үміткерлердің арасынан жүрегімізге жақын, көңілімізге қонған адамды таңдаймыз. Соған дауыс береміз. Ол кісінің бағдарламасын ой-сарабынан өткізіп, қолынан не келетіндігін, қандай мүмкіндігі барлығын парасатты түрде пайымдаймыз.  Ордабасы ауданынан облыстық мәслихаттың депутаты болып сайланған «Арнест-центр» ЖШС-ның бас директоры қызметін атқаратын Әділхан Бегалыұлы Исабаев жайында көкейімізде көптен жүрген жылы лебізімізді бүгін «Уақыттың» бетінде арнайы айтқанды дұрыс санап отырмыз. Ол кісі сайлаудан бұрын жүргізілген үгіт-насихат жұмыстары кезінде бізге көп уәде беріп, алынбайтын қамалды армандамайтындығын айтып еді. Сол сөзіне сай екендігіне қазір біздің толық көзіміз жетті. Негізінен электтендіру жұмысын мантаждаумен айналысатын ол кісінің серіктестігі бір ғана аудан емес, бүкіл облыс көлемінде ауқымды істер атқарып жатыр. Ал біздің аудан жөнінде яғни өзіне сенім көрсеткен ордабасылықтар үшін Әділхан аға өз мүмкіндігіне лайық жұмыстарды кезең-кезеңімен, рет-ретімен атқарып келеді десем – ол артық айтқандық емес. Күнде болмаса да ел мүддесін ойлауды, оған қорған болып, қолдау көрсетуді ер азаматқа тән міндет санаған депутат ауданның елді мекендерінде жиі болып, бұрыннан қордаланған біраз мәселелерді шешуге ниет білдіріп, оны тиісті мекемелердің алдына қойып, қашан орындалғанша жаны жай таппайтын жан. Сөзі аз, ісі мығым ол кісіге өз сайлаушылары да арзымайтын нәрсені айтып, аманаттап әуре етпейді. Бір ғана Бадам өңірінде ол кісі жаңадан 250 КВТ подстанциясын ортанып берді. Бөген ауылындағы екі шақырым көшені түгелдей жарықтандырды. Білім ордалары мен аурухана жайларын салуда да депутат Әділхан Исабаевтың талай іске бастамашы болғаны жанымызға жылулық ұялатады. Біз өзіміздің әу бастағы сеніміміздің алдамағандығына көзіміз жетті. Қашан да ол кісіні жақсы істердің басынан көрсек деген ниетімізді білдіре отырып, ісіне сәттілік, деніне саулық тілейміз.

Нұралы БЕКТАСОВ,
Ордабасы ауданының тұрғыны