Келелі кеңес халық театрларына қозғау салды

455
0

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру, Оңтүстік Қазақстан облысының 85 жылдығына орай, облыстық мәдениет басқармасы, облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен Мақтарал ауданы, Қ.Жандарбеков атындағы Жетісай драма театрында облыстағы мәдениет мекемелеріндегі театр мамандарының біліктілігін дамыту мен іс-тәжірибе алмасуына ықпал ету мақсатында «Қазақ драматургиясындағы көркемдік реалистік дүниетаным» тақырыбы бойынша облыстық семинар-кеңес өткізілді.

630308880279
Халық театрларының көркемдік деңгейін арттыру, тәжірибе жинақтауына жол ашуға арналған маңызды басқосуды облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығының тəжірибелі маманы Гүлнəр Садвакасова жəне Мақтарал аудандық ішкі саясат, мəдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Пердеш Есенбеков сəттілік тілеп ашып берді.

272213616
Семинар-кеңесте облыстың барлық аудан, қалаларындағы мәдениет үйлері мен клубтары жанындағы театр мамандары қатысып, мәдениет саласында тәжірибесі мол, белгілі режиссерлер мен актерларден дәріс алып, шеберлік сабағына қатысты. Атап айтқанда, Ж.Шанин атындағы қазақ академиялық драма театрының актері, ҚР Мәдениет қайраткері Шымырқұлов Еркін Өксікбайұлы және аталған театрдың бөлім меңгерушісі, театртанушы, өнертану ғылымдарының магистрі Ахметов Тимур Нұралыұлы, облыстық әзіл-сықақ және сатира театрының көркемдік режиссері Алтаев Самат Тұрсынбекұлы, Сарыағаш аудандық мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі Райымбек Шахризада Нұртазақызы, Қ.Жандарбеков атындағы Жетісай драма театрының бас суретшісі Байдарбеков Тоғайбек Сағындықұлы және театр режиссері Айтибаев Қажыбай Қозайырұлы облыстың аудан, қалаларындағы мәдениет үйлері мен клубтар жанынан құрылған театр мамандары үшін түрлі іс-шаралар мен концерттік бағдарламалар ұйымдастыруда атқаратын жұмыстың қыр-сыры мен ескеруге тиісті жайттар, заманауи сахналық образдарды қалыптастыру, классикалық қойылымдарды қою ерекшелігі сынды көптеген мәселелер төңірегінде баяндама жасап, пікір алмасты.

630315546945
Айтулы жиын аясында Қ.Жандарбеков атындағы Жетісай драма театрының 48 маусымының жабылуына орай белгілі жазушы, журналист С.Олжабайдың «Қара көзілдірікті келіншек» драмасы көрсетілді.
Сонымен қатар, мәдениет қызметкерлері бас қосқан семинар-кеңеске семинар – кеңеске Мақтарал ауданы прокуратурасының аға прокуроры Д.Ш.Ешанқұлов және прокуратураның прокуроры Б.Есеновтер қатысып, зорлық-зомбылықпен күрес, қоғамдағы жаман әдет, жат қылықты болдырмауға, жастар тәрбиесіне ықпал етуге театр саласының да маңызы зор екендігін жеткізіп, алғыстарын білдірді.
Мақтарал аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен ауданның қолөнер шеберлері мен қылқалам иелерінің «ЭКСПО-2017» көрмесі ұйымдастырылды.
Семинарда маңызды мәселелермен бөлісіп, шеберлікке шабыт берген баяндамашыларға облыстық мәдениет және халық шығармашылығы басшысының арнайы алғыс хаты табысталды.