“ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ” ӨТТІ

185
0

«Отбасылық сот» пилоттық жобасын жүзеге асыру аясында Бәйдібек аудандық сотында «Заманауи сот төрелігінің жүйесіндегі отбасылық сот» тақырыбында “дөңгелек үстел” өткізілді.
Аталған іс-шараға аудандық соттың төрағасы Е.Қарақұлов, судья С.Байтенов, прокуратура, аудандық ішкі істер бөлімінің қыз-меткерлері, аудандық әкім аппаратының өкілі және жергілікті «Алғабас», «Шаян» газеттерінің тілшілері қатысты.
Сот төрағасы Е.Қарақұлов дөңгелек үстел мәжілісін ашық деп жариялап, отбасылық соттарды құруға байланысты заңнамаға енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларға тоқталып өтті. Қатысушыларды «Отбасылық сот» пилоттық жобасымен таныстырып, оның мақсаты мен ерекшеліктерін түсіндірді. Сонымен бірге, соттағы неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы мәселелері бойынша қаралатын істер жөнінде баяндады.
Судья С.Байтенов іс-шараны жалғастыра келе, “отбасылық соттарды” құрудың маңызы жөнінде басқа мемлекеттерде бірнеше жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан отбасылық соттарды мысалға алып, шет елдердегі сот практикасын әңгімеледі.
“Отбасылық соттарды” құру идеясы іс-шараға қатысушылар арасында талқыланып, әрқайсысы аталған тақырып бойынша өз ойларын ортаға салды және отбасылық құндылықтарды сақтау мемлекеттің басты мақсаты екенін атап өтті.
1111