ЖАРТЫТӨБЕНІҢ ЖЕТІСТІКТЕРІ

198
0

Биыл ауданымыздың құрылғанына 90 жыл. 1928 жылдан бері өңіріміз ауыл және мал шаруашылықты аудан ретінде облыс, республикаға белгілі. Кеңес өкіметі тұсында ауданымыз одаққа егін, ет, сүт және жүн жеткізіп келген. Түліктің төрт түрін де баққан өңіріміздің аты қаракөл қой тұқымымен төрткүл дүниеге танылған. Міне, нақ осы егін және мал шаруашылығында талмай тірлік еткен диқандарымыз бен малшыларымыздың көбісі еңбек ері атанып, сол тұстағы жоғарғы кеңестің депутаты болған. Осындай еңбекқор ата- әжелерміз бен апа- көкелеріміздің арқасында ауданымыз талай жетістіктерге де жеткен.
Сол жетістіктерге жетуімізге себеп болған ұжымшардың бірі Жартытөбе ауылдық округі болатын. Жартытөбе ауылы ауданымыздың облыс орталығы және көршілес аудандармен байланыстырып жатқан кіре беріс қақпасы.
Қазіргі Жартытөбе ауылдық округі ауылы аралас, қойы қоралас жатқан Үштөбе, Жартытөбе, Бабата аталатын елді мекендерде өмір сүріп келген халықтардан, 1930 жылдан бастап ұйымдасқан 6 колхоздан құралған ірі шаруашылық. Созақ өз алдына аудан болып, 1928 жылғы жазда құрылғаннан кейін бұрынғы көшпелі, жартытлай қөшпелі шаруаларды отырықшыландыру ісі жүре бастайды. Үштөбе, Жартытөбе, Бабата өзендерін мекендеген елдер алғашқыда, 1929 жылдың күзінен бастап серіктікке біріге бастаса, 1930 жылдың күзінен бастап колхозга ұйымдасады. Сөйтіп «1-Май», «Үштөбе», «Жаңатілек», «Қызылту», «Еңбек» колхоздары құрылып, екі ауылға топтасты.
1957 жылдың көктемінде «Құмкент» совхозына «Еңбек» колхозы қосылса, бұрынғы «Үштөбе», «1-Май», «Жаңатілек» және Сталин атындағы колхоздардың бірігуінен кейін іріленген Сталин атындағы колхоз Калинин атындағы совхозға қосылды. Сөйтіп 1962 жылдың көктеміне дейін олар аталған совхоздардың қарауында болып келді.
1962 жылы көктемде бұрынғы «Еңбек» және Сталин атындағы колхоздардың халқы өз алдына совхоз болып бөлініп, «Жартытөбе» совхозы болып шаңырақ көтерді.
Бүгінгі күні Жартытөбе ауылдық округі 3 елді мекеннен тұрады. Жартытөбе, Аққолтық, Бабата елді мекендері. Орталығы Жартытөбе. Созақ ауданының орталығы Шолаққорғаннан 25 км жерде орналасқан. Жер көлемі 185,527 га. Оңтүстігінде Бәйдібек ауданымен, батысында Қаратау жотасы, шығысында Жамбыл облысының Сарысу ауданымен шектеседі. 1991 жылғы халық саны -2550 болса, қазіргі таңда халық саны -3810 адамды құрайды. Округ бойынша – үш типтік мектеп, бір – емхана, бір – аурухана, екі – ФАП, бір– балабақша, екі – шағын орталық, екі – ауылдық клуб, екі- кітапхана, байланыс бөлімшесі, бір – учаскелік полиция пункті, бір– казпошта бөлімщесі, телестанция, үш- мешіт, бір – кесене, екі – саябақ, бір– кафе, бір – наубайхана, бір– жанармай құю бекеті, бір– су қоймасы, үш– ауыз су станциясы бар. Көшелердің 60% астамы асфальтталып, орталығы жарықтандырылған. Ауылдық округ тұрғындарының әр қайсысының ауласына су құбыры жүргізіліп, ауыз сумен 24 сағат бойы қамтамасыз етілген.
Жоғарыда айтқанымыздай, Жартытөбе ауыл және малшаруашылықты ауылдық округ болғандықтан меншігіндегі жерден бүгінгі таңда пайдаланып отырған егіс алқабының көлемі 38893 га құрайды.
Біз қазір Қазақстандық қоғамның даму кезеңін, яғни 2050 жылға дейін 30 дамыған мемлекеттердің қатарына ену үдерісін басымыздан кешіріп отырмыз. Елімізде әлеуметтік, экономикалық және институционалды ортаны жетілдірудің қарқынды үдерісі сипат алып отыр. Осы ретте мемлекеттің, қоғамның және жеке тұлғаның мүдделерін үйлестіру мақсатында жергілікті жерлерде өзін- өзі басқару жүйесін толыққанды дамыту өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Теледидар, газет- журналдардан оқып білгендеріңіздей, елімізде жергілікті өзін- өзі басқару жүйесі мемлекет басшысының 2012 жылғы 28 қарашадағы № 438 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында жергілікті өзін- өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасы қабыалданғаннан бері қарқынды дамуда. Міне, осы заңдар аясында ауылдық деңгейдегі жергілікті мәселелерді шешуге бағытталған бірқатар қаражат көздері берілген болатын. Міне, осы себепті де ауыл әкімшіліктерінің көптеген істерді өздері атақара алуларына қолайлы жағдай тудырылып отыр. Ал, бұл ретте салықтық және салықтық емес түсімдердің орны ерекше боп тұр. Атап айтарболсақ, Жартытөбе ауыл әкімшілігі 9 айдың қортындысы бойынша салықтық және салықтық емес түсім бойынша кіріс 3892,0 мың теңге болса, оның ішінде табыс салығының түсімі 423 мыңтеңгені құрап жылдық жоспарды 141 %-ға, мүлік салығы 29,8 мың теңгені құрап 198 %-ға, әкімшілік құқық бұзушылық бойынша салынған айыппұл көлемі 120,3 мың теңгені құрап 101 %-ға, ерікті алыс 345,3 мың теңгені құрап 101 %-ға жылдық жоспарды толығымен орындаған болса, 9 айдың қортындысымен көлік салығы 1851,8 мың теңгені құрап 149 %-ға, мемлекеттік мүлікті жалға беру бойынша 910,5 мың теңге түсіп жоспарды 114 %-ға орындады.
Сондай- ақ, шағын және орта бизнесі дамыту саласында да әжептәуір істер атқарылуда. Нақты дерекке сүйеніп сөйлер болсақ, 4 азық-түлік дүкені, 6 аралас сауда дүкендері, 1 АЗС халыққа қызмет көрсетіп отыр. Сондай-ақ кіші мал бордақылау алаңдары жұмыс жасайды. Ауылдық округде 1 жеке меншік балабақша ғимаратты ағымдағы жөндеуден өткізіп, бүгінгі күнде жұмысын бастауға дайындық жүргізуде. Сонымен қатар Бабата елді мекенінен 1 аралас заттар дүкені іске қосылып, құжаттандыру жұмысын аяқтауға жақын. Жартытөбе елді мекенінен 1 аралас заттар дүкенінің құрылысы жүріп, кәсіпкер 2018 жылдың аяғына іске қосуды жоспарлауда.
Әрине, Жартытөбе ауыл әкімшілігінің ел тәуелсіздігін алған 30 жылға жуық тұрмыс- тіршілігінде болып жатқан жетістіктерін тізбелей берсек, газеттің бір бетіне немесе толық бір нөміріне сыйдыра алмасымыз анық. Сол себепті де Жартытөбе ауыл әкімшілігінің қысқа дайындығы жөніндегі мақаламда, ауыл және мал шаруашылығы жайын егей- тегжейлі жазғанымызды ескеріп, тек 90 жылдықтың қарсаңында атқарылған және атқарылып жатқан игі істерін жазуды жөн көрдік.
Жартытөбеліктердің 90 жылдыққа тартуы
Ауданымыздың торқалы 90 жылдығына Жартытөбеліктер тайлы тұяғымен кірісіп, игілікті істер жасауда. Соларды тізбектеп шығар болсақ:
-Елді мекенге кіре берісінде мектеп бітіргендеріне 20 жыл толған түлектер тарапынан латын тілінде «Jartytobe» жазуы жазылды.
— Аққолтық ауылында жеке кәсіпкер жеке меншік «АСЫЛЖАН» балабақшасының құрылыс жұмыстарын толық аяқтап, бүгінде ашуға дайын.
— Бабата ауылдық округінен шыққан бірқатар азаматтар өз қаржысы есебінен «Наурыз алаңы» саябағын ретке келтіріп, темірден 2 киіз үй орнатты және сахна орнатты.
— Аққолтық, Жартытөбе, Бабата ауылдарының тұрғындары арасында қайырымдылық акциясы ұйымдастырылып, жалпы соммасы 500 мың теңгеден асатын қаржы жиналып, ауылдық округтегі әлеуметтік тұрмысы төмен отбасыларға көмек көрсетілді.
— Жартытөбе ауылдық округінің 1990 жылы туылған азаматтары, «Кемелұлы» мектебінің 2008 жылғы түлектері өз қаржыларына Аққолтық елді мекенінің көп балалы тұрғынына баспана салып, бүгінде құрылысын аяқтауға жақын. Күннің суытуына дейін құрылысты аяқтап, отбасын үймен қамтамасыз етуді жоспарлап отыр елдің азаматтары.
— Ысқақ Баб кесенесіне абаттандыру жұмыстарына елді мекен азаматтары 800 түп ағаш отырғызды.
Сөз соңында, Жартытөбеліктерге ауданымыздың 100 жылдық мерейтойын да осындай, тіпті мұнан да көп толағай табыстармен қарсы ала беріңіздер деп игі тілек білдіреміз!
Данияр Бек.

14