САЙРАМДАҒЫ МАЛ БАЗАРЫНДА АЮ САУДАҒА ШЫҒАРЫЛҒАН

245
0

Түркістан облысы, Сайрам ауданы, Қарабұлақ ауылындағы мал базарында көлемі 2х3 темір тордың ішінде ақшыл-қоңыр түсті жабайы аю сатылымға қойылған.
Бұл туралы uakit.kz Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Мал базарындағы бұл жағдай жөнінде жергілікті тұрғындардың бірі Сайрам аудандық ІІБ-на қоңырау шалып хабарлаған. Келіп түскен хабарламаға орай полиция, табиғат қорғау, Түркістан облысы аумақтық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясы мен «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК инспекторлары тиісті шаралар жүргізіп, келіп түскен хабарламаның жалған еместігіне көз жеткізген.
Осы дерек бойынша материалдар аудандық полиция бөліміне тапсырылып, Қылмыстық кодекстің 339-бабына («Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу») сәйкес реестрге тіркелген. Қазіргі таңда полиция қызметкерлері аюды сатпақ болған тұрғынның оны қайдан алып келгенін, қандай мақсатта сатпақ болғанын анықтау үстінде.
Құлаққа оғаш естілген бұл жәйт 3-ақпанда орын алған. Ал, жабайы аю Шымкенттегі зообаққа тапсырылған.


uakit.kz