КҮНГЕЙДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕГІ ЕРЛЕРДІҢ ҮЛЕСІ 70 ПАЙЫЗДАН АСАДЫ

259
0

Түркістан облысында мемлекетік қызметшілердің жалпы штаттық саны 7155 болса, олардың ішіндегі бос лауазымдар саны 487 бірлікті құрайды. Аймақтағы осыншама мемлекеттік қызметкерлердің 73,1 пайызы ер азаматтар болса, 26,9 пайызы әйелдер.

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Ғалым Тұрсынбаев облыстық өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз брифингте мәлімдеді.

Өз кезегінде Ғалым Сұлтанұлының айтуынша күнгейдегі мемлекеттік қызметшілердің 93,5 пайызы жоғары білімі бар азаматтар. Атқарушы органдағы қызметкерлердің орташа жасы 38,2 жас шамасында. Ал еңбек өтілі 9,6 жылды құрайды.  Ағымдағы жылдың алты айында атқарылған жұмыстарға шолу жасаған  департамент басшысы есепті кезеңде мемлекеттік қызметшілердің қызмет бабының ілгерілеуі, яғни, мансаптық өсу көрсеткіші 67,2 пайызға артқанын алға тартты.