КӨЛІГІМЕН ЗАҢСЫЗ ЖҮЙІТКІГЕН ЖҮРГІЗУШІГЕ 5 ӘКІМШІЛІК ХАТТАМА ТОЛТЫРЫЛДЫ

2020 жылдың ақпан айының 9-нан 10-на қараған түні Патрульдік полиция қызметкерлері патрульдеу кезінде жол ережесін бұзған маркасы «LADA 21703», мемлекеттік нөмірі 323KQA01 автокөлігін байқайды.

Бұл туралы Шымкент қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Полиция қызметкерлері тоқтауды талап еткенде, жүргізуші полицейлердің заңды талабын орындамай, қашып кетуге тырысқан. 2,5 километрден астам жүріп өтіп, патрульдік полицияның 4 автоэкипажымен автокөлік бөгеттеліп, тоқтатылды. Құжаттарын тексеру барысында жүргізуші мен жолаушы қарсылық көрсеткен. Медициналық куәландырудан өткеннен кейін ұсталғандар уақытша бейімдеу және детоксикация орталығына жеткізілді. Автокөлік айып тұрағына қойылды.

Жүргізушіге қатысты 5 әкімшілік хаттама толтырылды – ҚР ӘҚБтК-нің 613-бабы 1-бөлімі (ішкі істер органдары (полиция) қызметкерінің көлік құралын тоқтату туралы заңды талабын орындамау), 608-бабы 1-бөлімі (жүргізушінің көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқаруы), 612-бабы 1-бөлімі (жүргізуші куәлігі жоқ жүргізушінің көлік құралын жүргізуі), 230-бабы 2-бөлімі (міндетті сақтандыру шартын жасамау), 593-бабы 2-бөлімі (қауiпсiздiк белдіктерiн пайдалану қағидаларын сақтамау).

uakit.kz