МАҚТААРАЛ: 5 ЕЛДІМЕКЕНДЕ ҚАУІП СЕЙІЛДІ
Мақтаарал ауданының 10 елдімекені қауіпті аймақта орналасқан. Оның 5-уі, яғни Жаңатұрмыс, Жеңіс, Фирдоуси, Өргебас, Достық ауылдары су астында қалса, қалған 5 елдімекенді облыс әкімдігі, облыстық Төтенше жағдайлар департаменті, ҚазСУШар және ауыл тұрғындарынан құралған волонтерлердің көмегімен су басу қаупінен шығарылды. Соның ішінде атап өтетін стратегиялық маңызы зор 14 мыңнан астам халқы бар Мырзакент елдімекені қызыл су басудан аман қалды.
Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов өңірлік коммуникация қызметінің алаңында мәлімдеді.
Журналистерге арнап брифинг өткізген облыс әкімінің орынбасары Мақтаарал ауданында су басу қаупі бар елдімекендер айналасына бөгеттер тұрғызылғанын жеткізді.
Ата айтқанда, Нұрлы жол елдімекені аумағында ұзындығы 2,5 м, биіктігі 1,5 м. болатын бөгет соғылды. Фирдоуси елдімекенінен Мырзакент елдімекеніне қарай 3 коллектор орналастырылды. Өргебас елдімекенінің аумағында ұзындығы 20 м, биіктігі 1 м. болатын бөгет жасалса, Ырысты елдімекенінде биіктігі 0,5 м, ұзындығы 40 м. бөгет соғылды. Сондай-ақ, Жантақсай елдімекенінің маңынан ұзындығы 800 м. болатын бөгет тұрғызылды.
Сонымен қатар, көрші Жетісай ауданында Қоғалы ауылының автомобиль жолының бойында ұзындығы 500 метрден асатын бөгет салу арқылы нығайту жұмыстары жүргізілуде (бөгет салуға 6000 дана қап пайдаланылған). Аталған жұмысқа 649 адам, 15 дана техника жұмылдырылған. Оның ішінде жергілікті әкімдіктен 13 техника, 15 адам, ТЖД 30 адам, Полиция Департаментінен 4 адам, 2 техника және 600-ден астам еріктілер бар.
Көрші Жетісай ауданында Қоғалы ауылының автомобиль жолының бойында ұзындығы 500 метрден асатын бөгет салу арқылы нығайту жұмыстары жүргізілуде (бөгет салуға 6000 дана қап пайдаланылған). Аталған жұмысқа 649 адам, 15 дана техника жұмылдырылған. Оның ішінде ерекше атап өтетіні жергілікті 600-ден астам волонтерлердің жұмысы. Жанашырларға алғысымызды білдіреміз», деді С. Қалқаманов.
Түркістан облысы өңірлік коммуникация қызметі.