«МӘҢГІЛІК ЕЛ» КӨШЕСІНЕ ТӨГІЛГЕН ТАСТАР МӘҢГІ ТҰРАДЫ МА?
Шымкенттегі «Самал-3» шағын ауданындағы «Мәңгілік ел» көшесіне мына тастардың түсірілгеніне бір аптаға жуық уақыт өте шығыпты. Көше тұрғындарының ары-бері өтуін қиындатып, көлік жүргізушілері үшін де ыңғайсыздық тудырып жатқан бұл тастардың арнайы техникалар арқылы көшеге төселетіні белгілі. Бірақ ол күндер қашан туады?
Тұрақты оқырманымыз бізге хабарласып, билік назарын осы мәселеге аударуды сұрауда. Өз кезегінде сол көшеде тұратын ол «Біз қашанғы күтуіміз керек? Атқарылуы тиіс жұмыстар неге дер кезінде орындалмайды? Әлде «Мәңгілік ел» көшесіне түсірілген бұл тастар осылай тау болып мәңгі тұруы керек пе?» деп ренішін білдіруде.
Бұған әкімдік өкілдері не дейді екен?
uakit.kz