ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУДА МӘСЕЛЕЛЕР ОҢ ШЕШІМІН ТАПТЫ

Бүгін, «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалында кестеге сәйкес азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдадым.
Қабылдауды офлайн және онлайн тәсілімен өткіздім. Қабылдауға жазылған азаматтардың тұрғын үй мәселесі, алимент мәселесі, әлеуметтік көмек, балабақша мәселесі, жұмыс мәселелері, мүмкіндігі шектеулі жандардың және т.б. сұрақтарына заң аясында кеңес бердім. Жалпы 6 адам қабылдап, 2 мәселе орнында шешімін тауып, қалған мәселелер тиісті мекемелерге жолданатынын жеткіздім.
Қабылдау барысында апамыз жастардың мәселелеріне жанашырлықпен өз жоспарларын ұсынды. Құры келмей батасымен, естелік сыйлығымен келіп рухани кеңес берді.
Тореайм Султанова, “Nur Otan” партиясының фракция мүшесі, қалалық мәслихат депутаты.