ҚазҰУ Cisco Networking Academy бағдарламасы бойынша мамандар дайындауда

328
0

Л.Ш. ЧЕРИКБAЕВA, ИМАНКУЛОВ Т.С., ДАРИБАЕВ Б.С.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Информатика кафедрасында “Информатика” мамандығы бойынша мамандарды дайындау бағдарламасы келесі мамандандырулар бойынша іске асырылады:
• Қолданбалы жүйелік программалау;
• Жүйелерді және желілерді программалық қамтамасыздандыру;
• Компьютерлік графика және дизайн.
Осы мамандандырулар бойынша кафедра болашақ мамандарды дайындау барысында студенттерге жүйелі түрде оқу бағдарламаларға сәйкес білім бере отырып, қосымша үйірмелерге қатысып, білім алуына мүмкіндік жасайды. Осындай үйірмелердің бірі 2008 жылдың тамыз айында ашылған «ҚазҰУ информатика кафедрасы Желілік Академиясы» (KazNU Infomatics Department Networking Akademy). Үйірме мақсаты – жалпы желі бойынша білім алып, осы алған білімдерін толықтырып, болашақта осы бағытпен өзінің еңбек жолын жалғастырғысы келетін студенттерді, жас маманадарды Cisco желілік академиясы бағдарламасы бойынша оқыту, оларға қазіргі таңдағы әлем бойынша озық мемлекеттер студенттерімен қатар білім беру болып отыр. Cisco Networking Academy программасы халықаралық деңгейде жалпы білім беретін, жоғары және кәсіптік оқу орындарында ақпараттық технология саласында жұмыс істеуге қажетті білім алуға мүмкіндік беретін IT-мамандарын дайындайтын бағдарлама болып табылады.
Академия бағдарламасының негізгі бағыты – жалпы қабылданған стандарттар мен шешімдерді пайдалана отырып, жергілікті және ауқымды желілерді практикалық, теориялық түрде де жобалай алатын мамандар дайындау. Ол еңбек нарығында студенттердің бәсекеге қабілеттілігін арттырады және оларға жұмысқа орналасуға кең мүмкіндік береді. Академия курстары үнемі жаңарып отырады, үнемі студенттермен білімдерін тексеріп, бағалап және олармен өзара қатынаста болады. Академия бағдарламасы бойынша білім алатын студенттерде зертханалық сабақ кезіндегі практикалық икемдену, кәсіптік сертификациядан өтуге дайындық, басқа да академиялар бітірушілерімен байланыс жасау мүмкіншілігі, сонымен қатар үлкен карьера жасауға, болашаққа жол ашуға мүмкіндіктері бар. Бағдарлама бойынша білім алушы студенттер қажетті материалдармен қамтылып, өздерінің алған білімдерін жиі on-line жүйесінде тексеріп отырады.
Бұл, академия инструкторлары – 2008 жылдың сәуір айында Қазақстан бойынша ең алғашқы болып регионалдық академия дәрежесін алған Алматы Энергетика және байланыс институтындағы желілік академиясында 2008 жылдың мамыр айынан тамыз айына дейінгі аралықта дайындық курстарынан өтті. Осы уақытқа дейін академияда 150-ден аса студенттер тіркеліп, CCNA 1 – 4 курсы бойынша білім алды. Студенттер өзіне қажетті материалдарды http://cisco.netacad.net адресі бойынша алып, белгіленген уақытта әрбір тарау сайын алған білімдерін тексеріп отыру үшін on-line жүйесінде тест тапсырып отырады.
Әрине әрбір студент сапалы білім алу үшін желілік құрылғыларда күнделікті практикалық тапсырмаларды орындап отыру қажет. Желілік академия бағдарламасын оқытуда практакалық тапсырмаларды орындауда тағы бір айта кететін артықшылығы – желілік құрылғылармен Packet Tracer-де виртуальды түрде жұмыс жасау. Packet Tracer – бұл желілік құралдарды алмастыратын таптырмас туынды. Оның көмегімен:
• Cisco желілік құрылғылары – бағыттауыштар және тағы басқа да құрылғыларын пайдаланумен визуалды жергілікті желілер құруға
• Cisco желілік құрылғыларының конфигурациялары мен дайын шаблондарың өте көп түрлерін алуға
• Cisco құрылғыларына командалық жол арқылы визуалды қосылуға мүмкіндік береді.
KazNU Infomatics Department Networking Akademy бағдарламасы бойынша білім алатын әр студент теориялық білімдерін, арнайы желілік құрылғылармен жабдықталған зертханада, желілік құрылғылармен жұмыс жасай отыра шыңдай алады. Егер қажет болса желілік академия бағдарламасын тек оқу орындар студенттері ғана емес, мектеп оқушылары, кәсіпорындар және компания қызметкерлері де оқи алады. Егер Cisco Networking Academy бағдарламасын оқығыңыз келсе әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Информатика кафедрасына келіңіз, информатика кафедрасы өз студенттерін бұл бағдарлама бойынша тегін оқытады. Ал бұл болашақ маман үшін таптырмас жеңілдік!