МІНДЕТ – ТҮНГІ КӨШЕНІ ЖАРЫҚТАНДЫРУ

363
0

Бүгінде Леңгір қаласының келбеті жаңа сипатқа ие. Орталық көшелердегі үгіт-насихаттық билбордтар, жарық беру бағаналары шаһарымызға шырай беріп тұр. Дегенмен қала көшелеріндегі осы түнгі жарықтандырудың жағдайы біраз жағдайларды ойландырады.
Осыған орай, аудан әкімі Бауыржан Омарбековтің тапсырмасымен арнайы жұмыс тобы құрылып түнгі қаланың және түнгі ауданның жарықтандыру жұмыстарына байланысты рейдке шықты.
Істелген, көрінетін жұмыс көп-ақ. Бүгінде аудан бойынша көше бойындағы түнгі жарықтардыруға жауапты «Жарық жолдары» КММ-нің теңгерімінде 1267 бағана, 1267 жарық шамдар бар. Оларды автоматты түрде қосып өшіретін 50 аппарат жұмыс істеп тұр. Ал жалпы, жарықтандырылған көшенің ұзындығы – 49,64 шақырымды құрайды.
Сондай-ақ, мекеме жұмысшылары осы уақытта аудандық маңызы бар жолдардың жолақтарын жаңарту жұмыстарын жүргізіп жатыр. Қазіргі таңда Леңгір қаласы бойынша білім беру мекемелерінің алдына жаяу жүргіншілердің 12 жерде жолаяқ сызығы мен орталық көшелерге жол көлік қозғалысын реттеу үшін таңбалау жолағы сызылды. Жалпы аудан бойынша 20 шақырым жолға тұтас және 25 шақырым үзік сызық, 27 жерге жолаяқ сызығын салу жоспарланған.
Рейд басында анықталғандай, «әттеген-ай» дейтін жәйттер басым болып тұр. Бүгінде ауданның көркеюіне теріс әсер етіп тұрған негізгі факторлардың бірі – вандалдық болуда. Оған бір ғана мысал келтірсек жетіп жатыр: Леңгір қаласы 349 дана бағаналы шаммен және сәнді 1612 дана жарық шамдармен жабдықталған. Әрбір плафонның қызмет ету мерзімі шамамен 24 ай. Алайда, ағымдағы жылдың 1 тамызынан бастап 31 тамызға дейінгі кезеңде Леңгір қаласы бойынша 250 дана плафонды ауыстыру жұмыстары орындалды.
Осыған байланысты барлық аудан тұрғындарын вандализм актілеріне немқұрайлы қарамауды, мүмкіндігінше осы іс-әрекеттердің жолын кесуді және дер кезінде құқық қорғау органдарына хабарлауды сұраймыз.
Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі

49