ҚАЗАҚСТАН НАРЫҒЫНА ЖЫЛЫНА САЙРАМНАН 11 МЫҢ ТОННА ЕТ ШЫҒАРЫЛАДЫ

Екі жүз мыңнан астам халқы бар Сайрам ауданы тұрғындарының басым бөлігі мал және көкөніс шаруашылығымен айналысады. Аудандағы 172 мал бордақылау алаңдарында бүгінде 28 мың. бас ірі қара мал бордақылануда. Ал аталған алаңдарда жылына екі рет ірі мүйізді мал бордақыланады. Осылайша, аудандағы 16 мал сою бекеттерінде 65 мыңдай мал сойылып, 11 мың тоннадан астам ет Қазақстан нарығына шығарылып келеді.

Осындай ірі мал бордақылау алаңдарының бірі Манкент ауылдық округіндегі «Курвантай Ата» ЖШС-гі. 2014 жылы жұмысын бастаған шаруа қожалық жылына 300 тоннадан астам ет өндіреді. 2015 жылы мал бордақылау кешенінің құрылысын толық аяқтап,  1 мезетте 700 мал басын бордақылауға қол жеткізді.

Жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтып отырған серіктестік өндірілген мал етін Шымкент, Алматы, Байқоңыр, Қызылорда қалаларына саудаға шығарады.

Одан бөлек, ауданда  10-15 бастық 400-ге жуық шағын мал бордақылау алаңдары жұмыс жасаса,  сүт өндіру мақсатында 10-15 бастық  78 жанұялық сүт аулалары құрылды.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі