КЕЛЕСТІК АҚЫН — ЖАРҚЫНБЕК НАУШАБЕКОВ

149
0

Наушабеков Жарқынбек Абазбекұлы 1976 жылы 12 қаңтарда Келес ауданы Ақтөбе ауылдық округінде дүниеге келді. 1983-1993 жылдар аралығында Келес ауданы, №93 Ғ.Мұратбаев мектебін тәмәмдаған. 1993-1997 жылдары Арқалық қаласы, Ы.Алтынсарин атындағы педагогикалық институттың тарих факультетін бітірген. 1997-2002 жылдар аралығында Арқалық қаласындағы №6 А.Құнанбаев атындағы орта мектепте және Сарыағаш ауданы №93 Ғ.Мұратбаев мектебінде ұстаздық қызмет атқарған. 2002 — 2013 жылдар аралығында Сарыағаш аудандық мәдениет үйі директорының арнайы шақыртуымен аудандық мәдениет үйіне жұмысқа қабылданып, әдіскер, аға әдіскер, әдістемелік бөлім меңгерушісі, директор орынбасары және аудандық «СӘТ» телеарнасының бас редакторы, Арыстанбаб колледжі директорының кеңесшісі қызметтерін атқарған. 2013 жылдан бастап 2016 жылдың 1 қарашасына дейін Сарыағаш аудандық «Тілдерді оқыту және дамыту орталығы» КММ директоры болып қызмет атқарды. Бүгінгі таңда Келес аудандық мәдениет үйінің директоры қызметін атқаруда.
Наушабеков Жарқынбек Абазбекұлы күні бүгінге дейін үзіліссіз шығармашылықпен жемісті шұғылданып келеді. Айтыс өнеріне 1990 жылдан бастап араласқан. 1991 жылы аудандық, 1992 жылы облыстық жас ақындар айтысының бас жүлдегері,
Наушабеков Жарқынбек Сарыағаш ауданындағы айтыс өнерінің үлкен жаңалығы болып, Сарыағаш ауданында кенже қалған айтыс өнерінің өркендеуіне үлес қосып отыр. Бірнеше рет облыстық, республикалық және халықаралық ақындар айтысын ұйымдастырып өткізді. Жалпы айтыс өнеріне араласқалы бері 10-нан аса бас жүлде, бірнеше рет жүлделі орындар иеленіп, темір тұлпар жеңіп алған.
2016 жылы сәуір айында Өзбекстан Республикасы Ташкент қаласында өткен халықаралық ақындар айтысында бас жүлде, 2016 жылы қыркүйек айында Қырғызстан Республикасында өткен бүкіләлемдік ақындар айтысына қатысып, жүлделі 1-орынды иеленді. 2017 жылы Түркістанның мәдени астана атануы құрметіне арналған, Қазыбек бидің 350 жылдығына орай өткізілген халықаралық Наурыз ақындар айтысында 1 орын иеленсе, осы жылы республикалық «Алтын домбыра» айтысында 2 орын иегері атанды.
Шығармашылық жолындағы еңбегі ескеріліп 2008 жылы және 2017 жылы ОҚО-ның «Ең үздік ақыны» болып танылды. ҚР Мәдениет және спорт министрінің арнайы алғыс хатымен, ОҚО әкімінің құрмет грамотасымен (2008ж.), ОҚО мәдениет басқармасы бастығының құрмет грамотасымен марапатталып, Сарыағаш қаласына 40-жыл, ҚР Тәуелсіздігіне 20-жыл медальдарымен наградталған.
(с) Келес ауданы әкімінің баспасөз қызметі

103