БОС ТҰРҒАН ҒИМАРАТТАРДЫ ПАНАЛАП КЕЛГЕНДЕРГЕ БАСПАНА САЛЫНАДЫ

Қазақта «қайыр қылсаң – бүтін қыл» деген сөз бар. Кеңпейіл болуға, жомарттықтан жаңылмауға, көмек жасауда кідірмеуге ұйыстыратын бұл сөзге қонақ берген қазақты көргенде көңілің тоғайып қалатыны белгілі.

Мақтаарал ауданындағы балабақша, монша мен апатты жағдайдағы жатақхананы ешқандай құжатсыз паналап келген 28 отбасыға Мырзакентте жаңадан соғылатын ықшам ауданнан баспана соғылатыны әуелгі сөзіміздің жарқын мысалы.

Бұл көзайым жаңалықты еліміздің Премьер-Министрі Асқар Мамин су алған ауылдарға келген жұмыс сапары кезінде осылай деп мәлімдеді.

Амалы құрығаннан, барар жер, басар тауы болмағаннан бос тұрған ғимараттарды баспана етіп келген 28 отбасының барлығы «Сардоба» суы басқан ауылдардың тұрғындары. Баспана тауқыметін тартқан олар бұл көзайым жаңалықты естіп, билік басындағыларға алғыстарын жаудыруда.

ПІКІР ЖАЗУ