ҚАЗАҚСТАНДА БАЛАЛАР АРАСЫНДА ҚАНДАЙ АУРУЛАР КӨБЕЙГЕН?

Мектеп оқушыларын жыл сайын медициналық тексеруден өткізу қарастырылған. Бұл тұрғыда балалар арасында қай ауру түрлерінің көбейіп бара жатқаны байқалып отыр? Бұл сұрақтарға ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті жауап берді.

Айта кетейік, мектеп оқушыларын профилактикалық медициналық қарап-тексеру Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-264/2020 бұйрығымен бекітілген Қағидаларға сәйкес жыл сайын өткізіледі.

— Профилактикалық қарап-тексерулердің нәтижелері бойынша балалар арасында көбіне көздің көру қабілетінің нашарлауы, тірек-қимыл аппаратының, ас қорыту жүйесінің аурулары, сондай-ақ стоматологиялық аурулар анықталады, — деп аталып өткен ведомствоның Kazinform агенттігіне берген жауабында.