ШЕКАРАНЫ УАҚЫТША ЖАППАҚ

194
0

 ҚР Қаржы министрлiгi Кедендiк бақылау комитетiнiң төрағасы Мәжит Есенбаев Үкiметке қазақ-өзбек шекарасын уақытша жабу туралы ұсыныс жасады. Ол мұндай қадамға халықаралық стандарттарға сәйкес инфрақұрылым жүргiзу үшiн баратындығымен түсiндiредi.

Бұл шешiмдi Есенбаев Маңғыстау облысындағы Өзбекстанмен шекаралас «Тәжен» және Түрiкменстанмен шекаралас «Термi баба» шекара бекеттерiне, «Бейнеу» темiржол стансасына, Ақтау теңiз айлағына барған сапарында қабылдағанға ұқсайды. Кедендiк бақылау комитетiнiң төрағасы Бiрiңғай экономикалық кеңестiктi (БЭК) енгiзу мен Қазақстанның Дүниежүзiлiк сауда ұйымы құрамына енуiне байланысты мемлекеттiк шекарадан өтетiн адамдарға қолайлы жағдайды қамтамасыз ету керек деп есептейдi.

Қазақстандық кеденшiлердiң бiрлескен кездесу өткiзу туралы ұсынысына өзбекстандық тарап жауап берген жоқ.