БАРШАҢЫЗҒА БЕРЕКЕ ТIЛЕЙМIН!

315
0

«Қазақстан Республикасы өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық  және әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы — адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары» деп өзiнiң саяси әлеуметтiк принциптерiн таңдап алған қазақ елi бүгiнде Ата Заңының 17 жылдық мерейтойын тойлауда. 1995 жылғы 30 тамызда Конституцияның қабылдануы тәуелсiз мемлекетiмiз Қазақстанның өмiрiне елеулi өзгерiс әкелдi. Бiздiң негiзгi Заңымыз азаматтардың қалауымен жалпыхалықтық референдумда қабылданған болатын. Сондықтан Конституция күнi мемлекетiмiздiң басты мерекесi ретiнде танылады.

Құрметтi жерлестер! Мемлекетiмiздiң маңызды мерекесi Қазақстан Республикасының Конституциясы күнi және Бiлiм күнiмен құттықтаймын! Барлық заңдардың бастауы болған Ата Заңымыз елiмiздiң әрбiр азаматына мемлекеттiк оқу орындарында тегiн орта бiлiм алуына кепiлдiк бередi.

Әрдайым егемендiгiмiз еңселi, тәуелсiздiгiмiз тұғырлы, Ата Заңымыз ғұмырлы болғай!

Әр шаңырақта береке орнап, сәбилердiң шат-шадыман күлкiсiне толсын. Отбасыларыңыз аман болсын.

Қайыпбек ҚАМБАРОВ,

ОҚО мәслихатының депутаты, 

«Жанар-жағармай» қауымдастығының төрағасы.