Парақор полковникке қатысты үкім шықты

218
0

35Үстіміздегі жылғы қаңтар айында Сарыағаш аудандық ішкі істер басқармасы бастығының орынбасары, полиция полковнигі жергілікті тұрғыннан 30 мың теңге көлемінде пара алып жатқан сәтінде облыстық ІІД жеке қауіпсіздік басқармасының жедел қызметкерлері мен ОҚО Қаржы полициясы қызметкерлерінің құрығына түскен-ді.

Парақор полковник Өзбекстаннан арзан жұмысшылардың тасымалдануына көз жұма қарауы үшін өзінің еңбегіне осынша қаржы сұраған. Әрі келісілген қаражатты Шымкент қаласы көшелерінің бірінде алып жатқанда ұсталды. Заттай айғақтармен қолға түскен полковник содан бері тергеуде жауап беріп, кінәсі мойнына қойылған соң іс сотқа өткізілген болатын. Сот полковник Д.И.-ты кінәлі деп тауып, жалпы режимдегі колонияға үш жылға қамауға және мүлкін тәркілеуге үкім шығарды. Мұнан бөлек ол, бес жылға дейін құқық қорғау органдарында жұмыс істеу құқығынан да айырылды.
Бір секірсе генерал болатын полковниктің атақ-абыройдан гөрі, жеке бастың, қалта қамын ойлап кеткені қандай өкінішті.

«Уақыт»