Алаңдаулы күй кешуде «Ашық алаң»

313
0

0E4052E4-361F-4CC7-80E1-ECCBB53221EF_mw1024_n_s«Уақыт» газетімен екі жылдан бері тұрақты шығармашылық байланыс орнатып келе жатқан, елге танымал қаламгер, өткір мақалаларымен танымал болып үлгерген жас журналист Жанболат Мамай жақында ғана Алматыдан арнайы атбасын бұрып, біздің редакцияда болып, ахуалымызды біліп, кең сұхбат құрып кеткен болатын. Күні кеше ғана Жанболат Мамай басқарып отырған «Ашық алаң» газетіне қарсы Алматы қаласының әкімдігі қолданып жатқан шектеу амалдары жайында жайсыз хабар жетті.

Редакция өкілдерінің айтуынша шілде айының 10-ы мен 21-і аралығында шығармашылық демалысқа кетіп, бұл турасында газет бетінде өз оқырмандарын және өздері тіркеуде тұрған қала әкімдігін хабардар еткен.соған қарамастан Алматы қаласы әкімдігі «шығу жилігін бұзғаны үшін» газеттің үстінен әкімшілік кодекстің 342 бабы 4 тармағын басшылыққа алып сотқа шығым түсірген.
Осы негізсіз әрекетке байланысты белгілі құқық қорғаушы Е.Жовтис «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау қорының жетекшісі Т.Калиева, ҚР Журналистер одағының басшысы С.Матаев және газетті шығарушы Ж.Мамай баспасөз мәслихатын өткізді. Онда барлық болған жағдай, басылымға қысым жасау әрекеті, оны күшпен жабуға деген ашық ниеттің бар екендігін журналистерге жеткізді.
«Ашық алаңның» ұстанған бағыты биліктің қысымына алаң болмай, газетті ары қарай шығару ниетінде екендігін жеткізді. Егер күшпен газет қызметін тоқтатып, жабатын болса, редакция «Саясат алаңы» атты жаңа газет шағаратындарын мәлімдеді. Егер баспаханалар бас тартса, газетті шетелден шығаратындарын, ол болмағанда интернеттегі нұсқасын жасайтындарын, қайткенде де алған беттерінен қайтпайтындарын ашық мәлімдеді.

«Уақыт»