Пітір садақа 300 теңге болып белгіленді

489
0

 
Биыл Рамазан айында жан басына берілетін пітір садақа мөлшері еліміз бойынша 300 теңге. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төралқа мәжілісінде еліміздің әр аймағындағы бидай бағасын ескере келе, ортақ есеппен бірауыздан осылай бекітілді.
Мүбәрак Рамазан айының алғашқы күнін айт намазына дейін пітір садақасы беріледі. Әрбір мұсылман үшін Рамазан айында жағдайы төмен, жетім жесірлерге немесе мешіттерге арнайы берілетін садақа.
Пітір сөзі (араб тілінде) — «жаратылыс» деген мағынаны білдіргендіктен, кейбір ғұламалар пітір садақасын «дененің зекеті» деп атаған. Пітір садақа – күнделікті қолданатын негізгі қажеттерінен тыс, кем дегенде, нисап мөлшерінен (85 грамм алтын немесе құнына тең) байлыққа ие адамға уәжіб садақа.
Алла тағала қасиетті айда берілген пітір, зекет садақаларыңызды қабыл етсін, Әмин!
Мұхамеджан Естеміров,
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының
Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша
өкіл имамының орынбасары, дінтанушы.