ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ АЙЛЫҒЫ! …..

Түркістан облысы Түлкібас ауданының ТЖБ бас маманы азаматтық қорғау майоры А. Қоқыров, Түлкібас ауданының ТЖБ аға инженері азаматтық қорғау аға лейтенанты Б. Оксикбаев, № 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға инженері азаматтық қорғау лейтенанты Ш.Зарқын, АІІБ Жергілікті полиция бөлімінің аға инспекторы полиция аға лейтенанты Р. Сисебаев, аудандық «Жас Отан» Жастар қанатының төрағасы Е.Әдиат және «ЖРО» КММ-нің еріктілерімен бірлесіп Түлкібас ауданы, Т.Рысқұлов ауылы, Жамбыл көшесі мекен-жайы бойынша орналасқан «Береке», «Ермек» сынды сауда орталықтарында «Қыркүйек айы Өрт қауіпсіздігі айлығы аясында – жылыту маусымы кезіндегі иісті улы газдан уланудың алдын алу, тұрмыстық өрттерге жол бермеу » тақырыбында үгіт насихат жұмыстарын жүргізді. 80 дана ескертпе парақшалары таратылды. Сақ болайық 112 қызметі ескертеді!

Түлкібас аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің мәдени ұйымдастырушысы Е.Әдиат

99