№26 БАҒЫТТАҒЫ АВТОБУСТАР ЖАҢАЛАНДЫ

186
0

Қала тұрғындары тарапынан әлеуметтік желілерге және lKomek ситуациялық орталығына №26 бағыттың аралық интервалына және автобустарының ескілігіне шағымдар жасалған болатын.

Осы шағымдарды ескере отырып, №26 маршрутта қызмет көрсеткен «МАN Оңтүстік» тасымалдаушы компаниясымен арадағы келісімшарт біржақтама бұзылды. Қазіргі уақытта маршрутта жаңа, Yutong маркалы, кең сиымдылықты 10 автобуспен (демалыс күндері -8) «Shymkent Bus» тасымалдаушы компаниясы өз есебінен қызмет көрсетуде.

Естеріңізге сала кетейік, №26 маршруттың қозғалыс сызбасы Барыс базары мен Фосфор ауруханасы аралығында қызмет көрсетеді.

Соңғы уақытта Шымкент қаласында жолаушылар тасымалы қызметі қатаң қадағаланып келе жатыр. Тұрғындардың талап-тілегі мен арыз-өтініші негізінде шұғыл шаралар көрілуде. Аралық интервалды сақтау, шалғайдағы елді мекендердегі барлық аялдамаларға тоқтау, тұрғындармен жылы қарым-қатынаста болу сынды талаптар ескерілуде. Қала берді, шаһар басшысымен болған кездесуде айтылған қоғамдық көлікке қатысты түйткілдер де дер кезінде шешімін табуда. Бұл саладағы ілгерілеудің барын айқын айғақтайды.

 

Бұдан бөлек, соңғы жылдары қаладағы қоғамдық көліктер жоспарға сәйкес жаңартылып келе жатыр. Шағын автобустардың орнын кең сыйымдылықты үлкен автобустар алмастыруда. Бұдан бөлек, қалаға қарасты, шалғайда жатқан шағынаудандар мен елді мекендерге де маршруттар қатынап, алыстағы ағайынның мәселесінің шешілуіне мұрындық болуда. Қоғамдық көліктерді жаңарту бастамасы алдағы уақытта да жалғаса бермек. Сөз жоқ, аталған саладағы бұл түйткілдер бірнеше айдың немесе жылдың ішінде толықтай шешілетін мәселе емес. Сондықтан жүйелі жоспар, нақты қадам қажет. Ал бұл бойынша әкімдік тарапынан тиісті тапсырмалар беріліп келе жатыр. Сапаның артқанының өзі бақылаудың қатаң әрі жақсы екенін айғақтаса керек.