ТҮРКІСТАННЫҢ АУДАРЫСПАҚ ШЕБЕРЛЕРІ ҚАРСЫЛАС ШАҚ КЕЛТІРМЕДІ

143
0

Тараз қаласында аударыспақтан ересектер арасында Қазақстан чемпионаты аяқталды. Оған елімізден 12 команда, 86 спортшы қатысты.

Ат үстінде білек күші сыналған бәсекеде 8 салмақ дәрежесінде жүлделер сарапқа салынды. Нәтижесінде Түркістан облысының жігіттері 5 алтын, 1 күміс, 2 қола медаль олжалап, жалпыкомандалық бірінші орынды иеленді. 57 келіде Жарас Алтынбек, 68 келіде Алмат Ләтіпбек, 74 келіде Дарын Өткелбай, 91 келіде Есімхан Рахмәтіллә, 100 келіде Сырым Ізбасаров қарсыластарын ат үстінен тайдырып, алтын алқа тақты. Ал +100 келіде Біржан Қосалиев күміс жүлде алды. Ермек Құралбай мен Жасұлан Айтбай қола жүлдеге қол жеткізді. Жігіттердің бәрі — Ғани Ахметбаев басқаратын Түркістан облысының ұлттық спорт түрлері мектебінің шәкірттері.