КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ ШАРАЛАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

102
0

Бүгін Шымкент қаласының «Атамекен» кәсіпкерлік палатасында ҚР Президентінің Жолдауы аясында «Жеке кәсіпкерлікті ынталандыру перспективалары» тақырыбында кездесу өтті. Онда Қазақстан мәслихат депутаттары бірлестігі Шымкент қалалық филиалы төрағасының орынбасары Хайрулла Сәрсенов жас кәсіпкерлерге Жолдауда айтылған бизнесті қолдау шараларын түсіндіріп берді.

Жиын барысында «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауда жастарға жан-жақты қолдау көрсету – мемлекетіміздің басты міндетінің бірі екенін атап өтті. Бұл бағыттағы үлкен жаңалық ретінде еңбекпен қамтитын түрлі шаралар арқылы келесі жылы 100 мың жас азаматты жұмыспен қамту жөніндегі бастаманы айтуға болады. Сондай-ақ, Президент жастардың кәсіпкерлік бастамаларына қолдау көрсетіле беретінін, оларға жеңілдетілген тәртіппен жылдық өсімі 2,5 пайыз болатын шағын несие берілетінін айтты. Менің ойымша, шындығында бұл бастамалар қоғамның  үйлесімді әрі әділетті болуын қамтамасыз етеді, — деді Хайрулла Сәрсенов. Кездесуге қатысушылар кәсіпкерлік идеяларды жүзеге асыру жөніндегі ойларын ортаға салып, өздерін мазалаған сауалдарын қойды.

Жалпы өңірімізде кәсіпкерлік сала қанат жайып келеді. Жуырда ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов өткізген Үкімет отырысында еліміздің соңғы 9 айдағы әлеуметтік-даму қорытындысын жасау барысында Шымкент барлық сала бойынша оң өсімді сақтап, елімізде көш бастап тұрған өңірлер қатарында екенін айтып өткен болатын. Яғни, өнеркәсіп өнім көлемі 666,4 млрд.теңге жетіп, нақты көлем индексі 106,7 пайызды құраса, инвестиция көлемі 327,9 млрд.теңге болып, 20 пайызға артқан. Ал, құрылыс жұмыстарының көлемі 131,4 млрд.теңге жетіп 139,7 пайызды құраса, пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 507,1 мың шаршы метр немесе 127 пайыз болды. Сонымен қатар, жалпы сауда көлемі 140,1 млрд.теңге болып, нақты көлем индексі 12,9 пайызға артты. Оның ішінде, бөлшек сауда 417,9 млрд.теңге, нақты көлем индексі 111,5 пайыз, көтерме сауда 944,3 млрд. теңге, 113,4 пайыз. Жалпы көлік көлемі 224,3 млрд. теңге болып, 107,9 пайызды құрады. Жолаушылар айналымының нақты көлем индексі өткен жылдың сәйкес кезеңіне 0,8 пайызға, жүк айналымы 3,2 пайызға артты. Сондай-ақ, байланыс қызметі 5 724,9 млн. теңгені құрап, 4,6 пайызға арқан.

Міне, сондықтан аталған саланың әлеуетін арттыру мен мүмкіндігін кеңейту үшін мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауында айтылар басым бағыттар аталған сала өкілдеріне жіті түсіндіруі керек. Ал бұл бағытта үшінші мегаполисте қыруар іс атқарылуда.