АЙТӨРЕЕВ АЗАМАТТЫҚ ТАНЫТТЫ
Күнi кеше шағалалы қаладан жағымды жаңалық жеттi. Аудан әкiмi Қамытбек Айтөреевтiң өзi бас болып, №18 үйдiң тұрғындарымен кездесiп, мәселенiң мән-жайымен танысқан соң, тиiстi сала басшыларына орталық канализация жүйесiн жөндеуден өткiзуге, суға толы жертөленi тазартуға, басқа да кезек күттiрмес мәселелердi шешуге тапсырма берген көрiнедi. Мұны бiзге №18 үйдiң тұрғындары хабарлап, талайдан берi өздерiн мазалап жүрген мәселенiң әп-сәтте шешiлуiне ұйытқы болған «Уақыт» газетiне, «Әкiм бол, халқыңа жақын бол» қағидасын ұстана бiлген аудан әкiмi Қамытбек Айтөреевке деген алғыстарын жеткiзiп, жаңа тағайындалған әкiмнiң алдағы еңбегiне жетiстiктер тiлейтiндiктерiн жеткiздi. Бiз де өз тарапымыздан Қамытбек Нұржанұлының ел игiлiгi жолында талмай еңбектене беруiне тiлектеспiз.
«УАҚЫТ» — ақпарат.