МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТҚА ҚҰЖАТ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛАДЫ

168
0

Шымкент қаласында 20 ақпан – 3 наурыз аралығында 400 АЕК көлеміндегі мемлекеттік гранттың I-ші легі бойынша өтінім беру басталады.

Өтінімдер қабылдау «Business.enbek.kz» порталы арқылы онлайн режимінде қабылданады.Қатысу үшін үміткер порталға электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦП) арқылы тіркеліп, өтінім бере алады.

Мемлекеттік грант қаражаты – ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге өздерінің бизнес-әлеуетін ашуға, өндірісті жолға қоюға және дамытуға, сол арқылы өзін тұрақты табыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Әр қатысушы оны тек бір рет ала алады.

Өтінім беру үшін қажет:

  • Порталда тіркелу;
  • грант алу шарттарына сәйкестігіне тексеруден өту;
  • порталда көрсетілген бизнес-жоспар үлгісін жүктеп алып, оны толтыру және порталға енгізу (өз бетінше бизнес-план жарамайды);
  • өтініш нысанын толтыру және ЭЦҚ кілтімен қол қою.

Интернетке немесе компьютерге қолжетімділік болмаған жағдайда, халықты жұмыспен қамту орталықтарының өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтарында өтінім беруге болады.

Төмендегі әлеуметтік санаттардың бірінен болу керек:

  • еңбекке қарсы көрсетілімдері жоқ мүгедектігі бар адамдар;
  • қолданыстағы «кандас» мәртебесі бар адамдар;
  • өңіраралық қоныс аударушылар
  • атаулы әлеуметтік көмек алушылар, көп балалы отбасыларға және (немесе) оның жұбайына (зайыбына) төленетін жәрдемақы алушылар;
  • мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған адам (жұбайы / зайыбы);
  • асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы алушылар;

Сонымен қатар, үміткердің «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту туралы 3 жылдан аспайтын мерзімге сертификаты болуы тиіс.