Қала әкімі қызметінен кетті

231
0

1-1Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы- шырайлы Шымкент қаласына деген қызығушылық пен көзқарас республикамыздағы өзге облыстардағы халықтарда басым еді. Өйткені, шымқала әрленіп те, түрленіп, тіпті құлпырып тұрған қала болатын. Қаланың осындай дәрежеге жетуіне қала әкімі Қайрат Молдасейітовтің  де қосқан үлесі қомақты еді.

Білімді де, білікті басшы қаланың гүлденіп көркеюіне атсалысып, бар күш-жігерін сарқа жұмсап жүрген атпал азамат екенін көпшілік жақсы білетін.
Бірақ «әттеген-айы» сол, 2013 жылдың 16-шы мамыры күні Шымкент қаласының әкімі Қайрат Молдасейітов қала әкімі қызметінен өз еркімен босауда, — деп хабарлады ҚазТАГ.
46 жастағы Молдасейітов 16 мамыр, бейсенбі күні қала әкімі қызметінен босатуды сұрап, өз қалауымен өтініш жазған.
Ол облыс орталығы болып табылатын қала әкімі лауазымына 2012 жылдың 24 сәуірінде тағайындалған болатын. Оның алдында Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан қаласын басқарған. 2004-2009 жылдар аралығында Шымкент қаласындағы «Кит Со» және «Отау строй» ЖШС басқара жүріп, облыстық мәслихаттың депутаты болған.

«Уақыт»