ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

51
0
Бүгін Ақпараттық-коммуникациялық орталығының алаңында Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы басшысының орынбасары Мәлік Абдинуров, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Шымкент өндірістік филиалы директорының бірінші орынбасары Айбек Ерғали және Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз хатшысы Зарипа Тұрысбекованың қатысуымен жылыту маусымындағы төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі шаралар төңірегінде баспасөз конференциясы өтті.
Баспасөз мәжілісінде үйішілік қызмет көрсету мекемелерінің қызметі мен көп қабатты тұрғын үйлердегі өрт қауіпсіздігін сақтау шаралары, тұрғын үйлердің құбырларын зерделеу, газ тұтыну жүйелерін және газ жабдығын пайдалану қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды сақтау жөнінде сөз қозғалды. Қазіргі таңда Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы мен прокуратура органдары бірлесе отырып үйішілік қызмет көрсетуші мекемелердің тұғындармен келісім-шарт жасасу жөніндегі міндеттемелерінің орындалуы бойынша рейдтік іс-шаралар ұйымдастыруда. Қала тұрғындары өздерінің газ жабдықтарының жарамды техникалық күйде болуын қамтамасыз ету мақсатында қолданыстағы заңнамаға сәйкес (Газ және газбен жабдықтау туралы ҚР Заңы) жылына бір рет үйішілік газ құрылғыларына (жабдықтарына) қызмет көрсету мекемелерімен келісім шартқа тұруы міндетті. Үйішілік қызмет көрсету мекемелерін Шымкент қаласының 109 I-көмек ситуациялық орталығымен интеграциялау жұмыстары жүргізілді. Қала тұрғындары 109 I-көмек ситуациялық орталығына хабарласып, аталған қызмет көрсетуші мекемелер бойынша мәлімет алуға және олардың жұмыстарына қатысты өздерінің сыни ескертпелерін қалдыра алады.
Тұрғындардан түскен өтініштерге үнемі және уақытылы жауап берілуі үшін үйішілік қызмет көрсетуші мекемелері мен 109 I-көмек және Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармалары арасында орталықтырылған чат құрылып, жұмыстар жүргізілуде. Үйішілік қызмет көрсетуші мекемелердің (ВДГО) тізімі «I-Shymkent» ақпараттық жүйесіне енгізіліді. Тұрғындардың электронды келісім шартқа тұруға мүмкіншілігі бар.