ТҮРКІСТАНДА «КҮЗГІ АСАР» ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

Ұлттың рухани дамуы мен болашақ ұрпақтың оң-солын тануы – мектеп қабырғасында берілетін тәлім мен тәрбиенің тереңдігіне тікелей байланысты. Өнегелі елдің ертеңі саналатын өрендерді адал еңбекке тәрбиелеу, бойына ұлттық құндылықтардың дәнін егу – бүгінгі күннің ең басты міндеттерінің бірі. Осы орайда, киелі де тарихи Түркістан топырағында өскелең ұрпақтың бойында еңбекқорлық пен кәсіпкерлік дағдыларды қалыптастыруға бағытталған мазмұнды да тағылымды іс-шара өтті.

Атап айтқанда, 2026 жылғы 13 қазанда Түркістан қаласы білім бөлімінің Ө.Жәнібеков атындағы №27 IT мектеп-лицейінде «Еңбегі адал – жас өрен» жобасы аясында 5-7-сынып оқушыларының қатысуымен «Күзгі асар» жәрмеңкесі ұйымдастырылып, жоғары деңгейде өткізілді. Бұл іс-шара тек кезекті мектепшілік жиын емес, балалардың шығармашылық әлеуетін ашып, іскерлікке баулитын, адал еңбектің маңызын паш ететін үлкен мерекелік жиынға айналды. Өткізілген «Күзгі асар» жәрмеңкесінің басты мақсаты – өскелең оқушыларды адал еңбекке баулу, олардың бойында еңбексүйгіштік, кәсіпкерлік қабілеттерді дамыту және халықтың ғасырлар бойы жинақтаған ұлттық құндылықтарын құрметтеуге тәрбиелеу. Сонымен бірге, балалардың шығармашылық ізденістерін қолдап, өз қолдарымен жасаған түрлі бұйымдары мен дайындаған өнімдерін көпшілікке таныстыра білуге үйрету де негізгі меже ретінде белгіленген. Аталмыш тағылымды шараның алдына қойған міндеттері ауқымды әрі терең. Ең алдымен, оқушылардың еңбекке деген қызығушылығы мен жауапкершілігін арттыру көзделді. Шынында да, еңбекке ерте жастан араласқан бала өмірдің қадірін, маңдай тердің бағасын ерте түсінеді. Сонымен қатар, қазақ халқының ежелден келе жатқан салт-дәстүрлерін, соның ішінде «асар» ұғымының тәрбиелік терең мәнін жастар арасында кеңінен насихаттау басты орында тұрды. Асар – бауырластық пен жанашырлықтың, бірліктің символы. Осы ұғымды оқушылар санасына сіңіру арқылы олардың бойында ынтымақтастық пен өзара қолдау қасиеттері қалыптасады. Мұнымен қоса, жәрмеңке оқушылардың іскерлік дағдылары мен кәсіпкерлік ойлау жүйесін дамытуға үлкен мүмкіндік берді. Заманауи әлемде ерте жастан экономикалық сауаттылық пен бастамашылдықты меңгерудің маңызы зор. Оқушылар өз еңбегінің нәтижесін бағалауды, өздері жасаған өнімді көпшілік алдында тартымды етіп таныстыруды үйренді. Осылайша, балалар арасында өзара ұйымшылдық пен достық қарым-қатынас нығайып, үнемшілдікке, табандылыққа және ең бастысы – адал маңдай тер арқылы үлкен жетістікке жетуге деген талпыныс арта түсті.

Жәрмеңкеге қатысқан 5, 6 және 7-сынып оқушылары өздерінің тапқырлығымен, алғырлығымен және шеберлігімен ерекшеленді. Іс-шара барысында оқушылар өз қолдарымен дайындаған түрлі қолөнер бұйымдарын, білім-біліктерінің жемісі саналатын өнімдерін ұсынып, өздерінің табиғи шығармашылық қабілеттері мен іскерлік дағдыларын жарқырата көрсете білді. Әрбір сынып, әрбір оқушы өз өнімдерін ұсынуда өзіндік ерекшелік пен қарапайымдылықты, әрі эстетикалық талғамды сақтай білген. Мектеп ауласы мен залында ұйымдастырылған бұл жиын шынайы еңбек пен достық мерекесіне айналды. Осы ауқымды іс-шарадан күтілетін нәтижелер де өте қомақты. Жәрмеңкенің қорытындысы бойынша оқушылардың еңбекке деген сүйіспеншілігі мен жауапкершілігі жаңа белеске көтеріледі деп күтілуде. Олар ұлттық құндылықтардың салмағын, асар дәстүрінің қоғамдағы біріктіруші ролін терең түсінеді. Сонымен бірге, оқушылардың бойында шығармашылық және кәсіпкерлік дағдылар дамып, өзіндік сенімділік орнығады. Өз қолдарымен жасаған өнімдерін таныстыру, жұртшылыққа ұсыну және оған әділ баға беру қабілеттері қалыптасады. Жұппен, ұжыммен жұмыс істеу, бір-біріне қолдау көрсету және өзара ынтымақтастық сияқты маңызды өмірлік дағдылар нығая түседі. Бастысы, жас өрендер адал еңбекпен табылған табыстың берекелі болатынын саналы түрде ұғынып, еңбекқорлыққа ұмтылады.

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы № 27 IT мектеп-лицейінде өткен «Күзгі асар» жәрмеңкесі – білім мен тәрбиені ұштастырған өнегелі бастама. «Еңбегі адал жас өрен» жобасы аясында жүзеге асқан бұл шара оқушыларды еңбекке баулып қана қоймай, олардың бойына ұйымшылдық, отансүйгіштік, адалдық сияқты асыл қасиеттерді дарытты. Адал еңбекті ту еткен жас өрендердің бүгінгі қадамдары – ертеңгі ел болашағының берік іргетасы. Мұндай мәнді де мазмұнды шаралар өскелең ұрпақтың дұрыс азамат болып қалыптасуына зор ықпал ететіні сөзсіз.