БИЫЛ ЕЛІМІЗДІҢ ЖАЛПЫ ІШКІ ӨНІМІ 400 МЛРД ДОЛЛАРҒА ЖУЫҚТАЙДЫ

Еліміз экономикасының көлемі жағынан әлемде 47 орынға көтерілді. Бұл туралы Қазақстан халқына Жолдауын жариялау кезінде Президент Қасым-Жомарт мәлім етті.
— Осы орайда әлеуметтік-экономикалық маңызы бар нысандар салуға және оны жаңғыртуға ерекше мән береміз. Бұған біздің күшіміз де, мүмкіндігіміз де жетеді. Халықаралық валюта қоры ұсынған болжамға сәйкес, биыл еліміздің жалпы ішкі өнімі 400 миллиард долларға жуықтайды. Оның жан басына шаққандағы үлесі 19 мың доллардан асатын болды, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Бұл ретте Президент еліміз экономикасының көлемі жағынан әлемде 47 орынға көтерілгенін айтты.
— Бұл — халқының саны бізден әлдеқайда көп бірқатар елдің көрсеткішінен жоғары деңгей деген сөз, — деді Мемлекет басшысы.



