Оңалбай ағаның мәртебесi биiк тұр

374
0

777Шымкент пединститутының ректоры, профессор, ғылым докторы, Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты Оңалбай Аяшев ағамыз биылғы жылды жоғары көңіл-күймен қарсы алды. Тәуелсіздік мерекесінің қарсаңында ол кісінің қырық жылдан астам еліне еткен еңбегі орынды бағаланып, Президент Жарлығымен өңіріне «Құрмет» орденін тақты.

Бір кездері ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болып, ел тағдырына байланысты көптеген келелі мәселелерді шешуге белсене араласқан, елге қадірі бар, қайырымы мол О.Аяшевтың елдің ғылымы мен біліміне берері әлі де көп болмақ. Ел болашағы – жастарға саналы тәрбие, сапалы білім беретін орданың басшысы өз ұжымының білгір жетекшісі, білікті басшысы. Табыстар тасқыны толастамай, тың ойлар жүзеге асар күндеріңіз көбейсін деген игі тілегімізді білдіреміз.