ІШКІ ОРАМ КӨШЕЛЕРІ ҚАЛЫПҚА КЕЛТІРІЛУДЕ

119
0

Шымкентте көшелерді қалпына келтіру жұмыстары қызу жүргізіліп жатыр. Атап айтқанда бүгінге дейін жалпы 20 мың шаршы метр ойық-шұңқырлар ретке келтірілді.

Еңбекші ауданының Оңтүстік тұрғын алабы Түрген көшесі жөнделіп, бүгін Достық шағын ауданына келіп жетті.

Қазіргі таңда қаланың магистральді көшелерінде жұмыс аяқталды. Ендігі кезекте, маусым айынан бастап қаланың ішкі орам көшелеріне жүргізіледі. Қалың оқырманның жадында болса, Еңбекші аудандық партия филиалына мамыр айында  Еңбекші ауданы,18 мөлтек ауданының көшесінің жолдары мен жаяу жүргіншілер жолын жөндеуді сұраған өтініш түскен еді. Өтініш берушінің мәселесімен AMANAT партиясы Шымкент қалалық,  Еңбекші аудандық филиалының төрағасы Есілбек Досбол Күздікбайұлы толыққанды танысып шықты. Мәселені қарай келе, Еңбекші ауданының әкімі Есілбек Досбол Күздікбайұлының және қалалық жолаушылар көлігі және автомабиль жолдары басқармасының  ықпалымен «АлемТрансЖол» ЖШС тарапынан жолдарға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілетін болды. 2022 жылдың маусым айында 18 мөлтек ауданы бойынша орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жаяу жүргіншілер жолы жөнделіп, асфальт қабаты төселді. Мәселе оң шешімін тапты.

Жалпы қаладағы жоспар мен жұмысқа ойыссақ, алдағы бірнеше жыл ішінде 3 жолайрық, 2 транзиттік айналма жол, А-2 автомобиль жолын қайта құру және Қонаев даңғылының жалғасын салу жұмыстары аяқталып, пайдалануға тапсырылады. Нәтижесінде жақсы және қанағаттанарлық жолдардың үлесі 2022 жылы 64,7%-дан 2025 жылы 79%-ға жетеді. Әуе көлігі жолаушыларына қолайлы жағдай жасау үшін жеке инвестор есебінен әуежайға жаңа терминал салынып жатыр. Құрылыс аяқталған соң, жолаушыларды өткізу қабілеті 10 есеге өспек. Қазірдің өзінде жемісті жұмыстар өз нәтижесін беріп, құрылысы аяқталған нысандар ел игілігіне берілуде.