«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» АҚЫЛДЫ ЖАРЫҚШАМ

519
0

Ағымдағы жылдың көктемінде Бәйдібек ауданының тумасы, «Құрмет» орденінің иегері, филантроп О.Ботбайдың демеушілігімен Бәйдібек ауданы Борлысай ауылдық округіне қарасты Ақтас, Қошқарата, Кеңсай елді мекендерінің ұзындығы 14,341 шақырым жол бойына 438 бағана орнатылып, көше шамдарының құрылысы басталған болатын. Таяуда аталған ауылдық округтегі елді мекендеріндегі көше шамдарының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Салтанатты шараға қатысқан облыс әкімінің орынбасары Ұ.Сәдібеков құттықтау сөз сөйлеп, Еласы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасының аясында, басқа қалада жүрсе де туған жерін ұмытпай, қамқорлық жасап, Борлысай ауылдық округінің әлеуетін көтеруге өз үлесін қосып отырған О.Ботбайға облыс әкімінің алғыс хатын табыс етіп, иығына шапан жабылды.
Ауыл тұрғындарының атынан сөз алған Қошқарата ауылының биі, ардагер-ұстаз Е.Қырықбаев О.Қожамжарұлына алғысын жеткізіп, жаңа бастамалармен орнатылған жарық шамдарды жерлестері ризашылықпен тұтынып отырғандықтарын жеткізді.
Туған жерлестерін қуанышқа бөлеп отырған О.Ботбай өз сөзінде — «Өткен 2017 жылы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» мақаласы жарық көрді. Әрбіріміз оқып, жалпы жұрт қуанды. Бизнес саласының өкілі ретінде тыс қалмай қолымыздан келгенше Елбасы бастамасына қолдау танытып, туған жерді ұмытпай қолымнан келген көмегімді көрсетіп келемін. Оның үстіне биыл «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы қабылданды. Оны өздеріңіз де білесіздер. Еліміз заман ағымынан, ақпарат толқынан қалмасын деп туған жеріме инновациялық көше шамдарын қойып отырмын», — деді.
Құттықтау тілектерден кейін облыс әкімінің орынбасары Ұ.Сәдібеков КТП қондырғысындағы тетікті салтанатты түрде іске қосып, Ақтас, Қошқарата, Кеңсай елді мекендерінің көше шамдары жағылды.
Жарық шамдардың құрылысын О.Ботбай бақылаушылар кеңесінің төрағасы болып табылатын «Source Energy» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізді. Жобаның жалпы құны – 245 млн. Жарықтандыру қуатының мөлшері Ақтас елді мекені бойынша есептегенде – 43,8 Квт. Көше шамдары 14 функцияны қатар атқара алады. Мәселен, ұялы телефонды қуаттау, wi-fi тарату, көшедегі көлік қозғалысын бейне бақылауға түсіру және т.б. Сондай-ақ, тағы бір ерекшелік – бұл көше шамдары қараңғылық пен жарықты автоматты түрде сезініп, күн райына қарай қуат беру мөлшерін өздігінен реттеп отырады. Нәтижесінде 75% энергия қуаты үнемделетін болады.
Сонымен қатар О.Ботбай Бәйдібек ауданының орталығы Шаян ауылындағы М.Әуезов көшесіндегі ұзындығы 3 шақырымнан астам жолдың бойына 77 бағана орнатып, жарық шамдардың құрылысын жүргізуде. Шаян елді мекеніндегі жарықтандыру қуатының мөлшері 7,7 Квт.

37869777_284673245443897_3241901496102551552_n

37922099_284674332110455_2588973957809963008_o

37926374_284671988777356_6980405179896037376_o