«Бұл – біздің таулар» тау фестивалі!

456
0

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында спорттық-экологиялық туризмді дамыту және облыстың туристік әлеуетін насихаттауды көздеген «Бұл – біздің таулар» тау фестивалі өтпек.

Аталмыш шара жөніндегі толық ақпаратты назарларыңызға ұсынамыз.
2018 жылдың 9-12 тамызында «Сайрам-Өгем» МҰТП аумағында «Бұл – біздің таулар» атты тау фестивалі өткізіледі.
Ұйымдастырушы: Түркістан облысы туризм және сыртқы байланыстар басқармасы
Іс-шараның мақсаты – ішкі, спорттық-экологиялық туризмді дамыту, облыстың туристік әлеуетін насихаттау және «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру болып табылады.
«Бұл – біздің таулар!» фестивалі 2018 жылы үш биге арналатын болады: Төле, Қазыбек, Әйтеке, яғни Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 3 шыңға 3 бидің аты берілетін болады. Альпинистер 3 шыңды бағындырады.
Сондай-ақ, іс-шара бағдарламасына бастауын «Ордабасы» алаңынан (Шымкент қ.) шара өтетін орын Сайрамсу шатқалына дейін жалғасатын велошеру, ұлттық ойындар (асық, тоғызқұмалақ және т.б.), концерттік бағдарлама, айналаға шолу экскурсия және т.б. кіреді.
Іс-шараға Түркістан, Қарағанды және Ақтөбе облысының альпинистері қатысатын болады.
Жиналу орны: «Ордабасы» алаңы
Өтетін орны: Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі, Сайрамсу шатқалы
Өту мерзімі: 12 тамыз 2018 жыл, жиналу уақыты 07.30, іс-шарасының басталуы 10.00
Өткізілетін іс-шараға барлық ниет білдірушілерді қатысуға шақырамыз!
Тіркелу және ақпарат мына нөмірлер бойынша: 8 771 7 400 700 – Call center; 8 778 150 00 10 – Айша; 8 701 662 09 65 – Әйгерім.

Ғани Назарбек

38749086_511416605963416_8886858488764956672_n