«Спорт сенің серігің- Жанға дауа, қолға күш!»

216
0

Түркістан облысының әкімі Ж.Түймебаевтың тапсырмасына сәйкес, облыстың барлық аймақтарында мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақалалық бағдарламасына орай түрлі салаларда шаралар жоспарлы түрде ұйымдастырылуда.
Осы бағытта Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақалалық бағдарламасы аясында Кентау қаласының әкімі Ә.Мақұлбаевпен бекітілген жасөспірімдердің жазғы демалыс уақытын тиімді пайдалану мақсатында өткізілетін бұқаралық іс-шаралардың жоспарына сәйкес, қала жасөспірімдерінің арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында 2018 жылдың 8 тамыз күні Әль-Фараби, Рысқұлов көшесі № 57, Алтынсарин көшесі № 22 көпқабатты тұрғын үй ауласында шағын футбол жарысы өткізілді.
Жарыс көрігін қыздырған жасөспірімдердің жеңіске деген талпынысы жоғары болды. Осылайша кім мықтыны анықтауға тырысқан аяқдопшылардың бәсекесі қыза түсті.
Жарыс нәтижесінде жүлделі орынға қол жеткізген командалар тиісті дәрежедегі дипломдар және сыйлықтармен марапатталды. Айта кетерлігі, спорт бәсекесіне түскен балғындардың ұйымдастырушыларға айтар алғыстары шексіз.
%d1%80%d1%83%d1%85%d0%b0%d0%bd%d0%b8-%d0%b6%d0%b0%d0%bd%d0%b3%d1%8b%d1%80%d1%83-%d0%ba%d0%be%d0%bf%d0%b8%d1%80%d0%be%d0%b2%d0%b0%d1%82%d1%8c

08