«ӘКЕМ АНАМ ЖӘНЕ МЕН»

182
0

Отбасы – қоғамымыздың негізін құраушы. Халқымыздың бойына біткен қонақжайлылық, үлкенге деген құрмет, туған жерге деген махаббат, барлық ізгі қасиеттер ұрпақтан ұрпаққа отбасылық дәстүр арқылы беріледі. Қоғамда өз орындарын тауып, ақ пен қараны ажырата білуде жанұядан алған жылылықтың маңызы өте зор. Өйткені, адам баласын мейірімділікке, жақсылыққа үйрететін осы ыстық ұямыз.
Осыған орай, аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-мен «Әлеуметтік психологиялық сүйемелдеу қызметі» секторының ұйымдастыруымен «Әкем анам және мен» атты тақырыпта Қажымұхан Мұңайтпасов атындағы спорттық сауықтыру орталығының спортзалында жас отбасылар сайысы болып өтті.Сайысты аудан әкімінің орынбасары Р. Әліш ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Ауыл округтерінен сайысқа «Жалын» тобы Шәуілдір ауыл округінен Есенбаевтар отбасы, «Тұлпар» тобы Ақтөбе ауыл округінен Жүсіповтар отбасы, «Қыран тобы» тобы Отырар ауыл округінен Көлбаевтар отбасы, «Болашақ» тобы Абдрахмановтар отбасы Қарғалы ауыл округінен қатысты.
Жарыстың нәтежиесінде «Жалын» тобы Есенбаевтар отбасы І-орын, «Тұлпар» тобы Жүсіповтар отбасы ІІ-орын, «Болашақ» тобы Абдрахмановтар отбасы ІІІ-орындарды иеленсе, Отырар ауыл округінен келген «Қыран» тобы Көлбаевтар отбасы белсенді қатысқаны үшін марапатталып ұйымдастырушылар тарпынан тағайындалған арнайы сыйлықтармен марапатталды. «Жалын» тобы Есенбаевтар отбасы облыстық сайысқа жолдама алды.Сайысқа қатысқан барлық қатысушыларға алғысымыз шексіз.

79