ҚЫЛМЫС ЖАСАҒАНДАР ЖАЗАСЫЗ ҚАЛМАЙДЫ

381
0

Өткен жылдың 23-желтоқсанында Түркістан облысы, Созақ аудандық орталық ауруханасына ауыр халде Асылбек Құлатай, Нұрдәулет Едіге, Нұрхан Шөкенов есімді үш жас азамат жеткізілген. Белгісіз біреулер оларға ауыр дене жарақатын салған. Болған жағдайға байланысты ақ халаттылар аудандық полиция бөліміне қоңырау шалған. Жарақат алған үшеуге шұғыл түрде медициналық көмектер көрсетілген. Алайда 27.01.1997 жылы туылған А.Құлатай дәрігерлік көмек көрсету кезінде алған жарақатының ауырлығы салдарынан аурухана төсегінде жан тәсілім болған.

Полицейлер бұл дерек бойынша 23.12.2018 жылы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі 106-бабы 3 бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын бастаған.
Жергілікті полицейлердің жедел іздестіру жұмыстары барысында дәл сол күні осы қылмысқа күдікті ретінде ұсталған М.А., Б.М., Р.Ө. және Ә.Б. медициналық куаландырудан өткізіліп, ҚР ҚПК-нің 131 бабының талабына сай уақытша ұстау абақтысына қамалған. 25.12.2018 жылы бұлтартпау шарасы бойынша күзетпен ұстау Созақ аудандық сотымен санкцияланды.
Осы қылмыстық іс бойынша сот медициналық, сот биологиялық, сот психиатриялық, сот наркологиялық сараптамалары тағайындалды.
uakit.kz