МАРОККО ШЕГІРТКЕСІНЕ МАРДЫМДЫ КҮРЕС ҚАЖЕТ

237
0

Биыл облыста марокко шегірткесіне қарсы химиялық күрес шаралары жалпы 83 мыңнан  астам гектарға жүргізіледі деп жоспарланып отыр. Марокко шегірткесіне қарсы өңдеу жұмыстарының сапалы жүргізілуін бақылауға және ұйымдастыру жұмыстарын жүргізуге аудандар бойынша химиялық өңдеу жүргізуге 15 топ құрылып, 33 инспектор және 17 автокөлік бөлінді.

 

Түркістан облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте  ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік мемлекеттік инспекция комитетінің Түркістан облыстық аумақтық инспекция басшысы Нұржан Кашкенов осылай деді.

Сонымен қатар ол, «83 мыңнан астам гектарға химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізу үшін 1189,8 мың гектар алқапта анықтау-зерттеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр.  Оған «Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» РММ Түркістан облыстық филиалынан 90 штаттық мамандар мен анықтаушы және 44 қызметтік автокөлік бөлінді. Аудан әкімдіктері тарапынан қосымша 185 анықтаушылар жұмылдырылып, 47 жұмыс тобы құрылды. Сондай-ақ,   28 су тасушы техника және пестицидтерді ерітуге қажетті 73 су көздері дайындалады»,- деді.

Өз сөзінде Нұржан Құттыбекұлы  биыл облыс диқандары шегірткеден зардап шекпейтініне сенім бар екенін жеткізді.

 uakit.kz