ӘБДІРАХЫМОВ ҰЛЫБРИТАНИЯ ЕЛШІСІМЕН КЕЗДЕСТІ

229
0

Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігініӊ Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Майкл Джон Гиффордпен кездесті, деп хабарлайды uakit.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында екі жақты ынтымақтастық пен қаланың даму әлеуеттері және инвестиция тарту мәселелерін талқыланды. Қала әкімі Қазақстан мен Ұлыбритания арасында тығыз және сенімді қарым-қатынас қалыптасқанын айтып, Ұлыбритания сауда айналымы бойынша Қазақстанның он сауда серіктестері қатарында екенін атап өтті. Сонымен қатар Біріккен Корольдік Қазақстандағы ірі инвесторлардың арасында алтыншы орында екенін жеткізді.

Шымкент Орталық Азиядағы ең тартымды қалалардың бірі және негізгі транзиттік дәліздерді байланыстыратын ірі көлік хабы болып табылатынын айтқан Ғ.Әбдірахымов британдық компанияларды ақпараттық технологиялар, цифрландыру, сондай-ақ Smart City бастамаларына инвестиция салуға шақырды.

uakit.kz