ШЕШЕНСТАН ӘНШІЛЕРІ БИЛІКТІҢ РҰҚСАТЫНСЫЗ САХНАҒА ШЫҚПАЙТЫН БОЛДЫ

167
0

Шешенстан мемлекетінде әлеуметтік желіде танымал болған поп-әншілердің биліктің рұқсатынсыз әндерін жариялауына, концерт қоюына заңмен тыйым салынды, деп хабарлайды Орталық Азия жаңалықтары.

Осындай бұйрық шығарған мемлекет басшысы Рамзан Қадыровтың тапсырмасын тыңғылықты орындау үшін сол елдің мәдениет министрі Хож-Бауди Дааев бір топ әншілерді қабылдап, «елдің әкесі, билігі және заңы бар» деп, талаптың барлығына ортақ екенін қадап айтты.  Сонымен қатар ол, егер адам әнші боламын деп шешім қабылдаса, оның репертуарындағы әндердің барлығы да мәдениет министрлігінің сүзгісінен өтіп, мақұлдануы керек деп есептейтіндігін шегеледі. Осыған орай сол елдегі мәдениет министрлігінің  жанынан арнайы комиссия құрылған. Енді аталған комисия қандай да бір әншінің шығармашылығына оң бағасын беріп, репертуарын мақұлдаған кезде ғана, өнер иесі халық алдына шығып, әннен шашу шаша алатын мүмкіндікке ие болады.