ЕСКІ ҚАЛАШЫҚТА SHYMQALA ЭТНОАУЫЛЫ АШЫЛДЫ

646
0

1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі мерекесінде үшінші мегаполистегі Ескі қалашық аумағында «ShymQala» этноауылы ашылды.

Салтанатты іс-шараға қала әкімі Мұрат Әйтенов, оның орынбасарларымен, аудан әкімдері, қалалық мәслихаттың депутаттары, этномәдени бірлестіктердің жетекшілері, зиялы қауым өкілдері қатысты.
Этноауылдың ашылуы шарасы аясында Тәуелсіздік саябағында Қазақстан халқының бірлігі мен ынтымақтастығы құрметіне 70 көшет отырғызылды.
Бұдан кейін көпшілік этноауылдың ашылуына қатысты. Қонақтарды мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы Ханзада Есенова қарсы алып, таныстырды. Әкім бастаған топ ұлттық аспаптар, қолөнер бұйымдары, кілем-тоқыма бұйымдары шеберлеріне бөлінген киіз үйлерге бас сұғып, шеберлердің жұмыстарымен танысты. Этноауылда бұған қоса алып тайқазан, киіз үй үлгісіндегі концерт залы, қолөнершілер ауылы орналасқан.
Этноауылдың ашылу салтанатына қатысқан қала әкімі Мұрат Әйтенов «ShymQala» этноауылының ашылуы үшінші мегаполис үшін үлкен жаңалық. Қаламызға келген қонақтарды ең алдымен осында алып келу керек. Бұл кешен Шымкенттің туризм әлеуетін жаңа белеске көтереді деп сенеміз, — деді.
«ShymQala» кешені оңтүстік және шығыс қақпалардан басталады. «Этноауылды қала тұрғындары ерте көктемнен күзге дейін, күнделікті тамашалай алады.